Митио Каку. Күрделі туралы қарапайым тілмен

Митио Каку. Күрделі туралы қарапайым тілмен Митио Каку́ (Калифорния, АҚШ, 1947 жылы 24 қаңтарда дүние келген) — американдық ғалым, теориялық физика саласының маманы. Ғылымның белсенді таратушысы ретінде танылған. Ғылыми-көпшілік кітаптардың авторы.

Осы жылы әйгілі Доктор мамыр айында Астананың Назарбаев Универститетінде дәріс өткізген.

Қазір жазғы демалыстың қызу кезінде сіздерге оның ғылым, техника, космос және болашақ сияқты күрделі заттарды қарапайым әрі тартымды етіп жазылған кітаптарын оқу қызықты болады деп ойладық. ?нтернетте осы автордың шығармаларына сілтемелер көп. Соның екеуін ұсынамыз:

 
«Болашақтың физикасы», 2012 г. 
http://ezobookslibrary.ru/news/mitio_kaku_...2012-05-20-1072

«Мүмкінсіз физика», 2009 г.
http://ezobookslibrary.ru/news/mitio_kaku_.../2009-10-19-100


Кысқаша автор туралы: 
16 жасында мектепте шахматтың үздігі болды және әке-шешесінің гаражында аянбай ғылыми тәжірибелермен айналысқан. Жасөспірімнің ізденіштеріне көңіл аударған танымал физик Эдвард Теллер кейіннен оны өз қамқорлығына алған.

21 жасында Каку Гарвардты бітіріп Беркли лабораториясында жұмыс істеуді бастады. 25 жасында ғылым дәрежесін алды, ал 26 жасынан бастап Принстон Университетінде дәріс оқыды.

Ширек ғасырдан аса Митио Каку теориялық физика пәнін Нью-Йорктың Сити колледжінде оқытып келеді. Каку Докторы – бірнеше кітаптардың авторы және ондаған басты физикалық журналдарындағы мақалаларының авторы болып табылады. Оның академиялық сөздері ылғи ел аузында жүреді, сондықтан да дәйексөздері ең көп алынатын авторлардың тізімінде ол - 22 орнында тұр. 

Каку тоғыз ғылыми–көпшілік кітаптарды жазды, соның екеуі – «Қиял көрініс» және «Гиперкеңістік» деген шығармалары оқырманның арасында үлкен сұранысқа ие болып бірнеше тілдерге аударылды. Митио Каку радиода және теле бағдарламаларда жиі сұхбат береді, сонымен қатар деректі киноларда да түсіп жүреді.

Каку өзінің ғылыми көзқарастарын көпшілікке таратып, ауқымды ғылыми оқиғаларға және құбылыстарға түсініктеме беріп, соған қоса жай қарапайым сөзбен әлемнің және теориялық физиканың күрделі мәселелерін кең аудиторияға қызық етіп таратқан түсіндіріп бере алған ғалымдардың бірі болып табылады. 



01.08.2013
20.11.2015
Рэя Чарльздің ертегісі:…

"Мен сіздердің мына әлемге неге тар көзқараспен қарайтындарыңызды түсінбедім? Көзқарастарыңызды өзгертулеріңізді…

Бағы жанғандар
22.07.2015
Джек Андрака – жас…

Джек Томас Андрака (ағылш. Jack Thomas Andraka, 1997 жылы 8 қаңтарда АҚШта Мерилэндте дүниеге келді) – американдық ойлап шығарушы және…

Бағы жанғандар
01.04.2015
Микеле Феррероның тәтті…

Ол сухбат берген емес, көпшіліктің алдында қара көзілдірігін тастамады және тәттілердің жаңа түрлерін шығару үшін…

Бағы жанғандар