Шоқан Уәлиханов атындағы көше

Шоқан Уәлиханов атындағы көше Қазақтың таланты ғалымы Шоқан Уәлихановтың құрметіне Алматы көшелерінің бірі аталды. 3,5 шақырымға созылған көше қаламыздың солтүстік – батысында Пушкина мен Қонаев көшелерінің арасында орналасқан және көше Райымбек даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін өткізілген.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835 – 1865) – ұлы қазақ шығыстанушы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, фолькролист, аудармашы, журналист, саятхатшысы 1835 жылы қазіргі Қостанай обласының Құсмұрын бекетінде дүниеге келді

Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайындағы Айғаным әжесінің қожалығында өтті. Оның әкесі Шыңғыс, аға – сұлтан, атасы Уәлихан, ал арғы атасы Абылай хан.
12 жасында Шоқан омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Сол кезде ол Сібірдің ең беделді оқу орны болған. Кадет корпусында ол қызығып оқыды және екі – үш жылдың ішінде құрбыларын оқуда қуып жетіп қана қоймай олардан озып түсті.

1852 жылы Шоқан ?.Н. Березин шығыстанушысымен танысып және оның тапсырысымен «Хан жорықтары» атты мақала жазады. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы болды. 14-15 жасар Шоқан туралы сол кезде мұғалімдер бұл бала ғалым болады деген.

1853 жылы Шоқан кадет корпусын бітіріп корнет атағымен Қазақстанның Солтүстік – Батыс аймағының генерал – губернаторыГ.Х. Гасфорттың адъюданты қызметіне белгіленеді. Жас болсада, кемеліне келген және білімді қазақ жігітін тағдыр жазғандай Омбыда тұрып жатқан А.Н. Майков, Ф.М. Достоевский, В. Курочкин сияқты ақындар мен жазушылар, К.К. Гутковский шығыстанушы ғалымы және тағы басқаларда байқады.

Шоқан Уәлиханов айдауға кеткен жазушы – петрашевец, болашақ орыс әдебиетінің классигі Ф.М. Достоевскидің тағдырына қатысып, оны уақытынан ерте айдаудан босатуға жағдай жасады. Генерал-губернатордың қызметінде ол орта Азия халқының тарихын, этнографиясын, әдебиетін және мәдениетін зерттеді, орталық қазақстан жеріне, Жетісу, және Тарбағатайға саяхат жасап керекті деректерді жинап дала өлкесінің тарихы жайлы, тұрмысы жайлы және қазақтардың дәтүрлері мен діні туралы мақалалар жазды.

1856 – 57 жылдары Ш.Уәлиханов алатаудағы қырғыз еліне және ұлы жүздің ауылдарын мекендеп Құлжа қаласына Жоңғарлардың тарихымен танысу үшін ғылыми – зерттеу және этнографиялық экспедиция жасайды. Соның нәтижесінде « Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «қазақ халқының поэзиясының жанрлары туралы», «Ыстық көл сапарының күнделіктері» және тағы басқа танымал жазбалары қазақтардың және олардың дәстүрлері мен әдебиетіне жаңа көзқарасының негізі болды. Бұл очерктер мен мақалалар орыс ғалымдарымен жоғары бағаланды. Осы сапарлардың тағы бір нәтижесі боп әйгілі қырғыз «Манас» эпосының кейбір тарауларымен танысып, оларды жазып алғаннан кейін, талдау жасап орыс тіліне аударып «Манас» эпосы шығыс әдебиеті мен қырғыз флоколорының аса құнды туындысы екенін көрсеткен жағдайлары боп табылады. Бұл жағынан, ол «дала ?лиада» тәрізді. Ал жалғасы «Семетей» бұл деген қырғыздың «Одиссеясы» деп көрсетті Шоқан. Осылайша «Манастың» кейбір тараулары орыс тілінде жарияланды.

?йгілі саяхатшы П.П. Семенов-Тянь-Шаньский Жетісуде кездесіп осы жерді аралайтын саяхат бағдары туралы ақылдасты. Оның кеңесімен 1857 жылы Шоқан Ресейдің географиялық қоғамының мүшесі боп атанды.

1858 – 1859 жылдары Шоқан өміріндегі жасаған ең басты сапары Қашқарияға аттанады. ?лімбай атты көпес болып, үсті басы мен түрін өзгертіп сапарлас достарымен Қашқарияға кіріп сол жерде 5 ай бойы тұрады. Сол кезде Шоқанға дейін бірнеше ай бұрын Қашқарияға ?ндиядан келген ағылшын саяхатшысы Адольф Шлагинтвейннің өлімі Жақыпбек атты феодалдың қолынан қаза тапқаны туралы құпиясын ашты. Сол кезде ғалым көптеген қызықты статистикалық және тарихи деректерді алып келді, кейінірек ол деректер «Жоңғария очерктері» және « Қашқарияның сипаттамасы немесе Алтышахар» атты екі мақала ретінде «Орыс географиялық қоғамының жазбаларында» жарық көрді. Сол кездері «Алтышахар» европанның географилық ғылымына естілмеген шығыс Түркістан атты мемлекет атанды.

Қашқариядан Омбыға қайтып келіп Шоқан Уәлихановты танымас жерлерді барлап келген үшін батыр ретінде қарсалып марапатталды. Сонан кейін Санкт - Петербургке аттанып сол жерде патшамен кездескен кезде император оның еліне деген сіңген еңбегі үшін жетістіктерін жоғары бағалады.Өкінішке орай Санкт-Петербургте Шоқанның денсаулығы болмай бірнеше айдан кеін қайтадан тұған жеріне оралуға мәжбүр болды.

Даласына оралып Шоқан қызметін тастап ел билеушісі болғанда халықтың жаңдайын жақсартам деген ойымен өз кандидатурасын болыстың сайлауларына ұсынды. Бірақта жергілікті өкімет сайлаудың нәтижелерін бұрмалап жіберді, оған ренжіген Шоқан шығысқа қарай туысқаны Тезек сұлтанға кетіп қалды. Сол жерде түберкулезі асқынып көп ұзамай қайтыс болады.

1904 жылы Ресей географиялық қоғамы Шоқан Уәлихановтың кітабын бастырып шағарады. Сол кітаптың алғысөзіне академик Н.?. Веселовский мынандай сөздер жазады: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халықтарының тағдыры туралы одан маңызды зор, ұлы жаңалықтар ашуды куткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл ұмітімізді үзіп кетті», - деп жазды

Шоқан Уәлиханов өзінің қысқа өмірінде біраз еңбектерін жазды. Оның әдеби және ғылыми шығармасы ауқымды 5 томды құрайды.

10.09.2015
22.02.2017
Брусиловский атындағы көше

Брусиловский атындағы көше Алматы қаласының Алмалы ауданындағы "Тастақ" ықшамауданының орталығы арқылы солтүстіктен…

Өңтүстік астананың көшелері
25.05.2016
Ө.Жолдасбеков атындағы…

Ұзындығы 1 километрге жетпейтін Жолдасбеков көшесі ?ль-Фарабидің даңғылының солтүстігінде Достык даңғылымен Фурманов…

Өңтүстік астананың көшелері
12.02.2016
Д.Ф. Снегин атындағы көше

2003 жылы жергілікті маслихаттың шешімімен Алматы қаласының көшелерінің бірі халық жазушысы Дмитрий Снегиннің құрметіне…

Өңтүстік астананың көшелері