Шығармашылыққа бөгет жок

Шығармашылыққа бөгет жок Маусымның 15-ші жұлдызында, қасиетті жұма күні «Эльдани» Қайырылымдылық Қорының ұйымдастыруымен болған Шыңберген Амантурлин атындағы мүмкіндіктері шектеулі жастар арасында қолданбалы халық өнері бойынша Республикалық сайысының қорытындысы белгілі болды.

Қазылар алқасының назарына саз балшықтан, киізден, қағаздан, теріден және моншақтардан жасалған ұсақ-түйектер, «батик» техникасымен салынған суреттер, кестелер және тағы да басқа көптеген бұйымдар көрсетілді. Жұмыстарды орындаған конкурстанттардың дарындылығы мен ынтасы көрермендерді тәнті қылды.

Былтырғы жылдың тамыз айынан бастап үстіміздегі маусымға дейін, яғни тоғыз ай бойы қалалық мерекелердің көрмелері мен жәрмеңкелерінде алматылықтар мен оңтүстік астананың қонақтары «ерекше» ұл-қыздарымыздың қолынан шыққан шығармаларын көріп олардың бірегей мүмкіндіктеріне куә болды. Ал ұнаған бұйымдарға баға беру үшін www.eldany.kz сайтында әр адамның дауыстары ескерілді.

Жеңімпаздар Rixos қонақүйінің қабырғасында салтанатты түрде марапатталды. «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты біздің Қордың жобасы бойынша серіктестік болып табылатын «Эльданидің» осындай бір тамаша кешін біз назарсыз өте кете алмадық. «Сәби» Қорының Президентінің жарлығымен 140 000 қаржылай сыйақы құрылған болатын, бұл сома барлық лауреаттардың арасында тепе-теңдікпен таратылды.

Бұл жыл сайын өткізіліп жүрген сайыс дәстүрге айналып, мүмкіндіктері шектеулі жастарға өз дарындарын ашуға және сонымен қатар потенциалды сатып алушылар мен инвесторларға жол ашатын болатын.

19.06.2012
15.11.2024
Атаулы көмек бойынша есеп…

Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…

Арнаулы көмек
21.08.2024
"Сәби" Қоры Түркістан…

"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап…

Арнаулы көмек
29.07.2024
Атаулы көмек бойынша есеп…

Негізгі жобалар мен мақсаттардан бөлек, біздің Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған - ауыр сырқаттар мен мүгедектікке…

Арнаулы көмек