Төртінші балалар өлеңінен ақындар сайысы

Төртінші балалар өлеңінен ақындар сайысы «Сәби» Қайырылымдылық Қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі Төртінші балалар өлеңінен ақындар сайысы (бұдан әрі - Конкурс) өткізілетіні жайлы жария етеді

Конкурсты өткізу мерзімдері
Конкурс 2014 жылғы 08 қаңтар мен 2014 жылғы 01 мамыр аралығында өткізіледі. 

Конкурсқа ашық қатысу
Конкурсқа қазақ тілінде жазатын 24 жасқа дейінгі авторлар қатыса алады. Тұратын жеріне, азаматтығына және ұлтына мән берілмейді.

Қорытынды шығару және Конкурстың басты қорытындыларын Конкурс сайттарында жариялау – 01 маусым 2014 жыл.

Конкурстың мақсаты
1. Қалың жұртшылықтың назарын қазіргі заманғы балалар поэзиясына аудару.
2. Оқырман қауымға қазақ тілінің сөз байлығын, көркемдігін, тазалығын және мағына тереңдігін паш ету.
3. Қазақ тілін қазақ мәдениетінің әдеби және өнегелік негізі ретінде насихаттау. 
4. Қазіргі заманғы дарынды қазақ тілді ақындарды анықтау, олардың шығармаларын көпшілікке, әдебиеттанушыларға және баспагерлерге ұсыну. 
5. Олардың жұмыстарын балалар өлеңдерінің жинағына жариялауға қаржылай қолдау көрсетуге мүмкіндік, шығармашылық дамуына және елге танылуына ықпал жасау.

Марапаттар 
Жеңімпаз басты жүлде – ноутбукқа және кейіннен оқу бітіргеннен кейін профильді оқуының ақысын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Конкурс шарттары
Конкурсқа әр түрлі жанрда қазақ тілінде жазылған, бұрын жарияланған, сол секілді ешқашан жарияланбаған саналы өлшемдегі поэтикалық шығармалар қатысады. Өлеңдердің тақырыптары: әр түрлі.
?рбір қатысушы өз таңдауымен ең жақсы 3 өлеңге дейін жіберуге құқы бар.

Конкурсқа қатысушының материалдарына қойылатын этикалық талаптар
Мынадай материалдарды жариялауға жол берілмейді:
- лексикасы нормативтен тыс мазмұндағы;
- экстремистік сипаттағы;
- нақтылы бір адамдардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін; 
- порнографиялық және сексуальдық сипаттағы;
- балаларға жағымсыз кері әсер ететін;
- ұлттық, нәсілдік немесе соған ұқсас өзге сипаттағы;
- дінге қарсы және экстремистік сипаттағы;
- өмірден түңілген сипаттағы.

Конкурсқа қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзғаны үшін дербес жауапкершілік көтереді.

Қатысушының өтінімі
Конкурсқа қатысушы Ұйымдастырушылардың атына электронды пошта немесе арқылы хат жолдайды, хатпен бірге:
- конкурстық Өтінім тапсырады, осылайша Конкурс ұйымдастырушыларына өз шығармаларын Конкурс сайттарына және балалар өлеңдерінің жинағына қайтарымсыз жариялауға өзінің сөзсіз келісімін білдіреді
- өлеңдер тіркелген файлдар
- қатысушының фотосы (ықылас бойынша)

Ұйымдастырушылар Конкурсқа қатысушының хатын алғаннан кейін, оның өтінімі мен жұмыстарын алдын ала қарап шығады, содан соң қатысушыға, егер оның жұмыстары Конкурсқа қабылданатын болған жағдайда, Конкурс Ұйымдастырушыларынан растау қағазы келеді.

Конкурстың жұмыс органдары
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың тікелей жүзеге асырылуын Ұйымдастырушылар өз мойнына алады.
Конкурстың редакциясы мен әділқазылар алқасы Ұйымдастырушылардың қалауымен жасақталады.

Конкурс редакциясының:
онкурсқа арналған өлеңдерге алдын ала іріктеу жүргізуге құқығы бар.
Конкурс редакциясы Конкурсқа жолданған өлеңдерді редакциялау құқығын өз мойнына алмайды. 
Редакция Конкурсқа жолданған өлеңдердің мазмұнына жауап бермейді. 

Конкурс ұйымдастырушыларының:
?рбір автордың іріктелген шығармаларын Ұйымдастырушылардың сайтында жариялауға, бұл үшін авторлар Өтінімде өздерінің жазбаша келісімдерін береді.
Өздерінің жұмыс қызметінде Конкурстың материалдарын пайдалануға құқығы бар.

Конкурс қорытындылары мыналар болып табылады:
- конкурс жеңімпаздарын анықтауы;
- жүлдені – ноутбукты беру;
- конкурстың сайттарында шығару;
- конкурстың қорытындысын ақпаратты мәлімдеу. 
Ұйымдастырушылар Конкурстың барлық кезеңдерінде үздік жұмыстарды қосымша ынталандыру құқығын өздеріне қалдырады.

Қайырымдылық жасаушыларға
Біз Конкурстың жүлделік қорын ұлғайту және оның қолданылу аясын кеңейту мақсатында кез келген заңды немесе жеке тұлғалардың көмегін қабыл аламыз.

Байланыс 
Ұйымдастырушылардың ресми сайттары: www.saby.kzwww.alemsaby.kz
Өтінімдер тапсыруға және жұмыстарды жолдауға арналған электронды адрес: alem@saby.kz
Барлық қажетті ақпаратты мына телефон алуға болады: (727) 311 29 38

Өтініштің үлгісін осы жерден жүктеуге болады otiniw.doc [25 Kb] (cкачиваний: 8)

08.01.2014
12.04.2017
"?лем" Бағдарламасы…

Жас дарындарды қолдайтын "?лем" бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар…

«Алем» бағдарламасы
01.03.2017
Жас ақындардың…

«Сәби» Қорымен жарияланған Жетінші ақындар мүшайрасына қатысу үшін сауалнамаларды қазақ тілінде қабылдау жалғасуда.Басты…

«Алем» бағдарламасы
15.02.2017
?зрайльдегі студенттердің…

Жарты жыл бұрын «Сәби» Қоры Назарбаев зияткерлік мектебінің бес түлектеріне ?зрайльдің жоғарлы дейгейдегі компьютерлік…

«Алем» бағдарламасы