Төртінші ақындар мүшәйрасының қорытындысы

Төртінші ақындар мүшәйрасының қорытындысыДостар!

«Сәби» Қорымен жыл сайын жарияланатын мемлекеттік тілдегі төртінші ақындар мүшәйрасы аяқталды. Бұл сайыс бүкіл Қазақстан бойынша жас авторлардың шығармашылық қабілеттіліктерін аша, дәстүр бойынша қаңтар мен мамыр айларының арасында өткізіледі.

Осы жылы әдебиет саласындағы бас сарапшы болып танымал балалар ақыны, аудармашы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Балдырған» журналы бас редакторының орынбасары Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы тағайындалды. Жас сөз шеберлердің жұмыстарын бағалады: «Қазіргі жастарымызда ауыспалы мәннің дамығанын, логикалық жүйелілігіндегі сөздердің егжей-тегжейдігі және күйзелісін көру, сонымен қатар оқырманмен диалогтың дұрыс қойылғанын байқау маған қуанышты болып отыр».

Мүшәйраның қорытындысы бойынша қатысушылардың арасында ең лайықты боп Батыс-Қазақстан облысынан Ғилымханов Мәрленге бірінші орын бұйырды. Оған бас жүлде – ноутбук сыйланды. Бірақ та конкурсанттардың сөзі бойынша одан да зор жүлде боп – «?лем» Бағдарламасының білім беру гранттары үшін күресу мүмкіндігі болып табылады. Жеңімпазпен бірге, екінші және үшінші орынға ие болған лауреаттарға, Арқалық қаласынанҚымбат Мырзатаеваға және Атырау облысынан Рахымжан Орынбасаровқа да біздің Қор сондай мүмкіндік берді.

Назарларыңызға таңдаулы конкурстық шығармаларды ұсынамыз.


1 орын – Ғилымханов Мәрлен


Арыс ұл


Аңыз аты - Қазақ та,
Нағыз аты - Махамбет.
Ф. Оңғарсынова


Өткеріп жеткен ғасыр мұңдарын,
Азаттық таңы – асылдың зары.
...Нар ұлын аңсап жатқандай бүгін,
Тау-тау боп қызыл-жасыл құм Нарын.

Қайғының қара назына көнем,
Қысын да өмірдің жазын да көрем.
Қазақ даласын шер қылып жатыр,
Қаройда қанмен жазылған өлең.

Аршындап алға бастаған ерін,
Жоқтап бір зарлап жас төгеді елім.
Тас белгі орнатып қастерлеп жүрміз,
"Ерліктің туы – Тастөбе" жерін.

Тәуелсіз бұл күн бойлаған үдеп,
Батырдың сан түн ойлаған күні ед.
...Жарқ етіп жанып кетті ғой сөніп,
Намыспен бірге оянған жүрек.

Сезімнің дәмін татып бойда жоқ,
Тыңдаймын күйді батып ойға көп...
Өлеңі жүрек төрінде жүрген,
Айтады екен- ау ақын өлді деп?!

Ерліктің жанса арай- шамдары,
Ұлтымның тоқтар қалайша әні?!
Жауһар жырлардың құдыреті ғой,
Жігерге ораған талай сананы.

Көк пенен жерді таң қылып тұрған,
Еркіндік - елге мәңгілік думан.
Ақындық деген, батырлық деген,
Махамбет дер ем - жаңғырып туған!..


2 орын - Мырзатаева Қымбат


Жылдардан жылдар шіркін барады асып...


Жылдардан жылдар шіркін барады асып,
Жаңалық ескілікпен араласып.
Бір жарым ғасыр уақыт дөңгелегі ,
Жан ата жатыр біздің араны ашып.
Жыр жазып ,дәстүр тауып, өнер іздеп,
Жемісін ұлы Абайдың тереміз деп.
Жұп –жұмыр, іші алтын ,сырты күміс
Келемін ізіңізбен өлең іздеп.
Сыр сандық көп үңілсем ашылардай,
Көңілім сізді оқып басылардай.
Қара сөз қара маржан деп білемін,
Оқимын сөздеріңді басымды алмай.
Қол созып ақ арманға, алыстарға,
Шираймын бойда қуат намыс барда.
Бұл күнде бірді жеңу оңай емес,
Таңданам мыңмен жалғыз алысқанға.
Табыну данышпанға қалған ғұрып,
Келесің ақылыңмен тамсандырып.
«Қаламқас», « Желсіз түнде...», «Сегіз аяқ»,
Бір жүрсің ұрпағыңмен ән салдырып .
Өзіңдей кейде қалам қолға аламын,
Қырандай қанат қағып қомданамын.
Қымбат боп өз әлімше өлең арнап,
Тоқжан боп қайран баба толғанамын.


3 место - Орынбасаров Рахымжан


Анаға сыр!


Анашым-ау, несіне қамығасың?
Өкпелетсем сәбилік бағыма сын.
Өсіргенің үшін де бас иемін
Құлдық болып жалынып арыма шын!

Анашым-ау, жасыма, мұңаймағың,
Сен мұңайсаң жүрегім, жылайды арым.
Ұл-қызыңның алдағы өмір жолын,
Уайымдаған секілді сыңайландың!

Анашым-ау,жүргенде жаным жүдеп,
Қаймықтың ба ұл-қызым "жаңылды” деп.
Өзге жерге бір түнеп келгеніңде
Ұялдым да, айтпадым "сағындым” деп!

Анашым-ау, аңсаймын сағатына,
Тұрақтандың ұлылар санатына.
Аналардың жұп-жұмсақ жүректері
Ұқсайды екен аққудың қанатына.

Анашым-ау,ескендей жақұтты леп,
Ана-құшақ өзіне шақыртты кеп.
Ұрпақтарың ұлықтап ұлы есімді
Жыр арнады денсаулық,бақыт тілеп!

12.06.2014
12.04.2017
"?лем" Бағдарламасы…

Жас дарындарды қолдайтын "?лем" бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар…

«Алем» бағдарламасы
01.03.2017
Жас ақындардың…

«Сәби» Қорымен жарияланған Жетінші ақындар мүшайрасына қатысу үшін сауалнамаларды қазақ тілінде қабылдау жалғасуда.Басты…

«Алем» бағдарламасы
15.02.2017
?зрайльдегі студенттердің…

Жарты жыл бұрын «Сәби» Қоры Назарбаев зияткерлік мектебінің бес түлектеріне ?зрайльдің жоғарлы дейгейдегі компьютерлік…

«Алем» бағдарламасы