Біздің серіктестеріміз, достарымыз және көптен бері жазылушыларымыз "Сәби" қорының маңызды жобаларының бірі –…
«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасының басталғанына 3 жылдан асып кетті. Бүгінгі күнде, Қорымыздың атынан «инватакси» автокөліктерін сыйға алған қоғамдық ұйымдармен қосыла біз нәтижелерімізді мақтан тұтып жақсы пікірлермен бөліскіміз келіп отыр.
Осы уақытқа дейін «Сәби» Қорының күшімен барлығы 50 автокөлік сатып алынды, оның ішінде 9 машина қазіргі уақытта Германиядағы өндіруші зауытта қайта жабдықтаудан өтуде және, Алматыға келіп түсуіне қарай олар да Қазақстанның әр түрлі аймақтарына үлестірілетін болады.
Бүгінгі күнде, «?нватакси» - қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған ақысыз әлеуметтік такси, еліміздің 14 қаласында жұмыс істеуде. ?р көліктің арнайы гидравликалық көтергіштер арбадағы мүгедектердің отырып түсуін едауір жеңілдедеті. Бұл механизм, арбадан түспей, автокөлікке еш қиындықсыз отырып және шығуына өте ыңғайлы жасалған.
Көліктік қызметтің маңыздылығы және қажеттілігін әр машинаға тіркелген борттық журналда жазылған көптеген алғыс сөздері айғақтап отыр.
«Шымкент қаласындағы мүгедектер қоғамы» қоғамдық ұйымының төрағасы, Вадим ТОРОПОВ
«Менің ең бірінші айтқым келіп отырғаны, Шымкент қаласындағы «?нватакси» қызметінің құрылғанынан бері көп нәрсе өзгерді, әсіресе қалалықтардың қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көзқарасы басқаша болды. Бұрында мүгедектер көзге көрінбей үйінде отырғандықтан, олардың қоғамда аз екені жайлы алданыш стереотип болатын. Енді міне «Сәби» Қорының Президенті ?сел Тасмағамбетованың іске асырған жобасы, қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдар өздерін «қоғамнан аласталған адам» емес, нағыз азамат ретінде сезінуге ықтимал берді. ?р-түрлі қалалық мәдени-көпшілік шараларда қатысу, қоғамдық, медициналық, оқу және басқа да мекемелерге бару деген сияқты мүмкіншілік туылды. Бұл жайт өз кезегімен біздің мүгедектер қоғамына мемлекеттік құрылымдарынан және Өңтүстік-Қазақстан облысының тұрғындарының көзқарасын өзгертті».[/i]
«Ақтөбе қаласының сал дертіне шалдыққан азаматтарды қорғау ұйымы» қоғамдық ұйымының «?нватакси» қызметінің диспетчері Марал НУРАЛ?НА:
«Ақтөбеде қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналаған осындай арнайы қызметтің ашылуы барлығымызға үлкен прогресс болды! «Сәби» Қайырылымдылық Қорының сыйға тартқан арбадағы адамдарды тасымалдайтын арнайы екі автокөлігі қаламыздың әлеуметтік жағдайын дамыту үшін үлкен бір қадам болып отыр. Қазіргі уақытта, қоғамдық таксиді қолданып көптеген мүгедектер орнында отырмай көздеген мақсатына жетуге мүмкіндік береді». [/i]
Шахан ЖУЛДАСБАЕВ, Ақтөбе қаласындағы «?нватакси» қызметінің тұрақты қолданушысы:
«2007 жылдың маусым айында ойламаған жерде сәтсіз оқиғаға тап болдым: автокөлік дөңгелегінің астына түсіп қалдым. Диагноз: мойын омыртқасының сынығы. Көп уақыт бойы мен Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында емделіп және сауықтырылдым. Бастан кешкен сұмдық пен жақындарымның азабын айтқым да келмейді. Қазір оның бәрі артта. Мен І-топ мүгедегімін, және мен ары қарай толық қарқынды өмір сүргім келеді. Жақында мен «Ақтөбе қаласының сал дертіне шалдыққан азаматтарды қорғау ұйымы» қоғамдық ұйымына жұмысқа орналастым. Тұрғылықты үйім қаладан 20 шықырым жерде болғандықтан, күн сайын «?нватакси» қолайлы машинасы алып апарып тұрады. Білетінім осы қызметті көптеген мүгедектер қолданып жүр, ал одан көбі қолданғысы келіп жүр. Өз тарапымнан азаппен күресуге көмектескен туғандарыма, жақындарыма, қала әкімшілігіне, Ақтөбе қаласының сал дертіне шалдыққан азаматтарды қорғау ұйымы» қоғамдық ұйымына, және міндетті түрде «Сәби» Қайырылымдылық Қорына жаңадан өмір бастағаныма алғысымды білдіргім келіп отыр. Өздігінен қозғалуға мүмкіндігі жоқ адамдардың ауыртпалығын жеңілдедетін осындай асыл адамдар қаламызда көбее берсін. Ал мен болсам сіздердің және өзімнің үмітімді ақтау үшін бар күшіммен ат салысам».[/i]
«?нватакси» қызметін пайдалану үшін, сізге бір күн бұрын диспетчерлік бөлімге телефон соғып тасымалдау жұмысына тапсырыс беруге болады (әр қаланың телефон номерлері біздің сайттың «пайдалы сілтемелерінде» көрсетілген).
Біздің серіктестеріміз, достарымыз және көптен бері жазылушыларымыз "Сәби" қорының маңызды жобаларының бірі –…
«Сәби» Қоры «Өз ісіңді баста» байқауының финалистеріне гранттар ғана бөліп қана қоймай, әрқашанда оларға қодан…
Осы жылдар бойы «Сәби» Қоры сатып алған 62 арнайы автомобиль бүкіл Қазақстан бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарды…