Біздің серіктестеріміз, достарымыз және көптен бері жазылушыларымыз "Сәби" қорының маңызды жобаларының бірі –…
Кеше Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығында (МБАҚ), қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарды ақысыз тасымалдау «инватакси» қызметін жүзеге асыратын "Сәби" Қорының «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасын дамыту үшін демеушімізден ірі төлем келіп түскеніне орай баспасөз конференциясы өтті.
Аударылып түскен қаражатқа біздің Қор 4 арнайы Volkswagen белгісінің автокөліктері сатып алынды: Transporter шағын автобусын «Эльдани» Қорына, екі Caddy автокөлігін Алматы қалалық мүгедектер қоғамына табысталып, ал МБАҚ Crafter автобусын өз меншігіне алды. Мамандандырылған көлік психикалық және физикалық өрістенбей қалған балалар мен жастарға реабилитациялық, психлогиялық және бейімделу көмек көрсету кезінде тасымалдау жүмысын атқару үшін арналған.
Демеушінің өкілдіктерінің, ?кімдік және Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаментінің атынан келген спикерлердің, сондай-ақ «?нватакси» қызметінің тұрақты қолданушыларының қатысумен болған бұл шарада жоғарыда айтылған әр қоғамға автокөліктердің сый сертификаттары табыс етілді.
Сыйды қабылдап алған ұйымдар шын жүректен өз алғыстарын білдіріп, жұмыстарының жемістерімен бөлісті, сонымен қатар көпшілік назарына қозғалу мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жастарды шығармашылық және физикалық дамыту бойынша авторлық бағдарламарын ұсынды. Ауыр науқастар балаларды күнделікті қарапайым тіршіліктен айырып, көп жылдар бойы төрт қабырғадан шығуға мұрсат бермейді. Енді міне, олар мүгедектерге қажетті құралдармен жабдықталған арнайы көліктерді қолдануға мүмкіндік алып отыр.
Сілтемелер:
Общественно-политическая газета «Литер»
«?звестия Казахстан»
?нформационный портал www.zakon.kz
Комсомольская правда Казахстан
Біздің серіктестеріміз, достарымыз және көптен бері жазылушыларымыз "Сәби" қорының маңызды жобаларының бірі –…
«Сәби» Қоры «Өз ісіңді баста» байқауының финалистеріне гранттар ғана бөліп қана қоймай, әрқашанда оларға қодан…
Осы жылдар бойы «Сәби» Қоры сатып алған 62 арнайы автомобиль бүкіл Қазақстан бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарды…