Жаздың ыстық күндерінде ең кең таралған БҰТ – аббревиатурасы мектеп бітірушілердің санасында әр-түрлі эмоция тудырады. Біреулер үшін ол білім әлеміне есік ашса, ал тест тапсырған кезде жолы болмай қалғандарға өкініш әкеледі. Мүмкін олардың даярлғы нашар болған шығар, бәлкім қобалжудан ба немесе психологиялық жүктемені көтере алмағандықтан ба бұл емтихан көп түлектер үлкен қиындық туғызды.
Бірде-екілі жетіспеген баллға бола Мемлекеттік грантқа қол жетізе алмаған 11 жыл қажырлы еңбек пен үлгерімнің зая кеткені өте өкінішті-ақ. Осындай жағдайларда келешегінен үміт күттіретін жастары, әсіресе әке-шешесінің табысы жеткіліксіз ауылдың қара домалақтарына екінші мүмкіндік беру өте қажет.
«Сәби» Қорының
«?лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы мектеп қабырғасында үздік көрсеткіштерді танытқан, бірақ тест тапсырған кезде кідіріп қалған балаларға «сиқырлы таяқтың» сермеуіндей көмек көрсетеді. Біздің Қор қабілетті бозбалалар мен бойжеткендердің қалаған оқу орындарында ақысын төлеп, армандарын өмірге келтіреді. Жас буынның сапалы білім алуы бүгінгі күнде Қазақстанның болашағы үшін маңызы орасан зор.
Бағдарламаның айқындылығы ат салысқандардың қажетті мамандықты иеленуге мүмкіндік береді, ең бастысы олардың іріктеу сайысынан өтіп өз-өзіне деген сеніміділігі болу керек!