"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап…
Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз келеді. Күн сайын біз мұқтаж жандардан көптеген өтініштер аламыз және оларға мүмкіндігінше көмектесуге тырысамыз.
Біздің көмек көрсету жолдарымыз:
• Оңалту және емдеу: оңалту бағдарламаларын қаржыландыру көптеген балаларға денсаулығын қалпына келтіруге және өмір сапасын жақсартуға қадам жасауға мүмкіндік берді.
• Генетикалық сынақтар: біз балаларға нақты диагноз қоюға және дұрыс емдеу жолын таңдауға көмектескен маңызды генетикалық зерттеулерге қаржылай көмек көрсеттік.
• Халықаралық операциялар: бірнеше балаға шетелде күрделі операциялардан өту мүмкіндігі берілді, бұл оларға жаңа өмірге жол ашты.
•Арнайы жабдық: мүгедектер арбалары мен басқа да медициналық жабдықтарды сатып алу балаларға жайлылық пен ұтқырлықты қамтамасыз етті.
• Оқу құралдарын сатып алуға көмек: аз қамтылған отбасылардағы балаларға кеңсе тауарларын сатып алуға қаржылық қолдау көрсетілді.
Толығырақ білу үшін сілтемені басыңыз.
Егер сіз қайырымдылық көрсеткініз келсе, біздің қорға келесі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қолдау көрсете аласыз: Kaspi.kz, Bereke-Bank, BCC.KZ және Tayyab исламдық қызметі. Сіз "қайырымдылық" бөліміне кіріп, "Сәби" ЧБФ-ны тауып, өзіңізге ыңғайлы кез-келген соманы жібере аласыз.
Барлық балаларға зор денсаулық тілейміз және қорымыздың қолдаушылары мен меценаттарына тұрақты қолдаулары үшін алғыс айтамыз!
"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап…
Негізгі жобалар мен мақсаттардан бөлек, біздің Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған - ауыр сырқаттар мен мүгедектікке…
Сіздерге «Сәби» қорының 2023 жылы көрсетілген атаулы көмек туралы есебін ұсынамыз. Осы жылы Қорға компаниялар мен жеке…