«Dariya» жобасы – «Өз ісіңді баста» байқауының түлегі жайында

«Өз ісіңді баста 2021» атты кезекті байқауды бастаудың қарсаңында және түлектеріміз жайындағы тақырыпты жалғастыра отырып, «Өз ісіңді баста 2016-2017» жеңімпаз-жобасы, сәтті және белсенді түрде дамып жатқан бренд «Dariya» жайында айтып бергіміз келеді.

Ағымдағы жылдың 11 маусымында Ақтау қаласында «Dariya – тігін орталығы» тігін цехының салтанатты түрде ашылуы өтті. Цехтың үлкен әдемі ғимаратын бренд негізін қалаушы Әсел Жекенова 2017 жылы "Өз ісіңді баста" байғауындағы жеңісі үшін алынған гранттық қаражатқа салған.

Ресми ашылудың құрметті қонақтары "Сәби" қорының президенті Әсел Тасмағамбетова мен қордың негізін қалаушы Кеңес Рақышев болды.

"Төрт жыл бұрын Әсел бізге байқауға тігін цехын ашу туралы үлкен арманмен келді. Ол өз арманын жүзеге асырды және өз бизнесін белсенді дамытуда. Мен оның жетістіктеріне өте қуаныштымын. "Dariya" жобасы - біздің байқаудың мақтанышы. Құрметті Әсел, мен сізге бұдан да үлкен мақсаттарға қол жеткізіп, барлық батыл жоспарларды жүзеге асыруды тілеймін. Біз сізді құттықтаймыз және өркендеуіңізге тілектеспіз!"- деді Әсел Тасмағамбетова өзінің алғы сөзінде.

"Dariya" - болашақ және бала емізетін аналарға арналған киім мен аксессуарлар өндірісі, сондай-ақ Ақтаудағы спорттық киім желісі. Жеке өндіріс 2015 жылы іске қосылды. Бүгінгі таңда "Dariya" жаңа тігін цехында 15 адам жұмыс істейді. Мұнда айына 500-700 өнім тігіледі. Онлайн сату әлеуметтік желі арқылы жүзеге асырылады: @dariya_wear, @dshop.kz.

"Сәби" қоры әрдайым грант алғаннан кейін өз түлектеріне қолдау көрсетуге тырысады. Бұл тапсырыстарды орналастыру, жарнамалық жарықтандыру, менторлық қолдау, түрлі бағыттар бойынша бірлескен қызмет болуы мүмкін. "Dariya" тігін цехы да бізден коммерциялық тапсырыс түрінде қолдау алды. Каспий итбалығын зерттеу және оңалту жөніндегі біздің орталығымыз үшін цех футболкалар, эко-сөмкелер, маскалар, панамалар мен сапалы бейсболкалардың брендтелген топтамасын тігіп шығарды.

Әсел Жекенованы ашылу салтанатымен құттықтаймыз және бизнесте сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

 

03.07.2021
20.09.2024
Атырау облысының…

Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…

Жаңалықтар
06.09.2024
"Сәби" қайырымдылық қоры…

Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…

Жаңалықтар
06.09.2024
Жаңа бронхоскоптың…

Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне  арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…

Жаңалықтар