"Сәби" Қоры жайында

Әсел Иманғалиқызы Тасмағамбетова


Мен неге қайырымдылық жұмыстарымен айналысамын және қорды қандай мақсатта аштым? Маған осы сұрақтар жиі қойылады. 


Біздің қоғамда қайырымдылық тек пиар үшін жасалады немесе жеке басынан өткергендей қиыншылықты өзгелер көрмесін деген ниетпен жәрдем етеді деген қате пікір қалыптасқан.


Мен үнемі қоғамға пайдалы болуды іштей қажетсінемін. Отбасым мен жақындарымның ғана жанынан табылғаным маған аздық етеді. Сондықтан да қайырымдылықпен айналысамын. Тіпті, сырт көздің мақтауы мен пікіріне мұқтаж емеспін. Барлығын өзімнің ішкі-дүниемнің тепе-теңдігі үшін жасаймын. 
Әлбетте, бұл қысқа уақыттық қызығушылық емес. Қорда өткізген 15 жыл уақыт қайырымды іске деген құлшынысымды жоғалта алмады. Бұл – ғұмырлық жұмыс деп ойлаймын. Ауру-сырқау жандарды дертінен айықтырар қасиетке ие емеспін, балалық шақтың қызығына қана алмаған жетім-жесірдің жадындағы ауыр естеліктерді де жоюға күшім жетпейді. Тек тағдыры қилы жандардың өмірін жақсартам деген үлкен ықылас пен сенім бар.


Қазір 15 жылдың ішінде атқарылған игі істер мен қор жұмысының келелі еңбегін сөз етуді жөн көрмедім. Бұл бастаудың нәтижесі мен қажеттілігін уақыт көрсететініне сенемін. 


Өз байқағанымды айтар болсам, жылдар бойы жасалған қайырымдылық жұмыс маған көп нәрсе берді. Бейтаныс жандардың өміріне жақсы жағынан ықпал ету, кез-келген ауыртпашылықты бөлісе көтеру, адамгершілік пен мейірім – өмірге өзгеріс енгізеді. Міне, осы секілді сезім менің өмірімді толыққанды әрі жарқын етеді, жан тыныштығын сыйлайды. 


«Сәби» Қоры – менің бір бөлшегім. Осы уақытқа дейін көңілімді қалдырған емес. Менің ең батыл деген шешімдерім мен идеяларымды жүзеге асыра білді. Қорымыздың өміріне қатысы бар барша жандарға, достарға, меценаттар мен демеушілерімізге алғысым зор! 


Сондай-ақ, сенімді әрі бірлігі мықты командама ерекше алғысымды білдіремін!

Сіздермен бірге, Әсел Тасмағамбетова.
 

21.04.2017
09.03.2023
Әсел Тасмағамбетова "Өз…

"Сіздердің алдарыңызда тұрып, көздеріңізге қарағанда: "неткен жас, өршіл және батыл жандар", - деп таң қаламын!…

Блог
30.11.2022
Бақытты өмір сүру – игі…

«Бақытты өмір сүру – игі істерге қатысты болу. Біз бақыт сезімін үнемі емес, белгілі бір сәттерде сезінеміз, ал…

Блог
14.06.2022
«Сәби» Қорының президенті…

«Қадыр атамыздың кезінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп бізге өз аманатын айтып кеткен…

Блог