Тереза ананың өсиеттері

Тереза ананың өсиеттері Сериямызды бүкіл өмірін адамға көмек көрсету және қызмет көрсетуге арнаған, қызметі ұлты мен дініне тәуелсіз кедей және ауыр сырқат балалар мен ересектерге арналған мектептер, жетімхана, ауруханаларды салуға бағытталған, католик монахинясы, Тереза ананың (1910-1997) өсиеттерін жариялаудан бастаймыз. Тереза ана – «Азап шегушіге көмек көрсеткені үшін» Дүниежүзілік Нобель сыйлығының иегері.

Тереза ананың 10 өсиеті


1. Адамдар жөнсіз, қисынсыз және өзімшіл болады – бәрібір кешіре көріңіз.
2. Егер сіз мейірімділік танытсаңыз, ал адамдар болса құпия жеке пиғылдан деп кінәласа - бәрібір мейірімді болыңыз.
3. Егер сіз табысқа жетсеңіз, сіздің көптеген жалған достарыңыз және нағыз жауларыңыз пайда болуы мүмкін – бәрібір табысқа жете беріңіз.
4. Егер сіз адал және ашық болсаңыз, адамдар сізді алдайтын болады – бәрібір адал және ашық болыңыз.
5. Жылдар бойы құрастырғаныңыз, бір сәтте құрып кетуі мүмкін – бәрібір құрастыруды жалғастырыңыз.
6. Егер сіз мұңсыз бақытқа бөленсеңіз, онда басқа адамдарда көре алмаушылық туындайды – бәрібір бақытты болыңыз.
7. Адамдар бүгін жасаған игі ісіңізді, ертең ұмытып кетеді – бәрібір игі іс жасауды жалғастырыңыз.
8. Сіз туралы кімнің не айтқаны маңызсыз – мұның барлығын күлкімен қабылдап, өз ісіңізді жалғастырыңыз.
9. Бірге ғибадат қылып, ынтымақта болыңыз.
10. Адамдармен барыңыздың ең жақсысымен бөлісіңіз, бұл оларға ешқашан жеткілікті болмайды – бәрібір ең жақсысымен бөлісуді жалғастырыңыз.

23.01.2013
03.02.2017
Эсте Лаудердің …

Эсте Лаудер (01. 07. 1908 – 24. 04. 2004) – американдық кәсіпкер, «Эсте Лаудер» Корпорациясының алғашқы негізін қалаушысы және…

Ұлылардың дана сөздері
23.09.2016
Айзек Азимовтың кітабынан…

Айзек Азимов (Isaac Asimov, туылған кездегі аты ?саáк Ю́дович Ози́мов; 1920 жылдың қаңтардың 2 күні, РСФСР, Смоленская облысының,…

Ұлылардың дана сөздері
03.08.2016
Януш Корчактың қарапайым…

Я́нуш Ко́рчак (поляк тілінде. Janusz Korczak; шын аты Эрш Хе́нрик Го́льдшмит (поляк тілінде Henryk Goldszmit); 22 шілде 1878, Варшава — 6 тамыз…

Ұлылардың дана сөздері