Эсте Лаудер (01. 07. 1908 – 24. 04. 2004) – американдық кәсіпкер, «Эсте Лаудер» Корпорациясының алғашқы негізін қалаушысы және…
Ник Вуйчич – қол-аяқсыз өмірге келсе де әлемдегі сан мыңдаған халықтың шабытын оятқан бірегей тұлға. Ол өзінің өмір сүруге деген шексіз махаббаты мен рухты күшінің арқасында көпшілікті сүйсіндіре білді. Дені сау біздер неге «бақыт» деген ұғымды құрайтын, күнделікті өмірдегі кішкене қуаныштарды елей бермейміз? Ол осы туралы ойлануға еріксіз мәжбүрлейді.
Ник Вуйчич ұзақ уақыттар бойы бақытты болуды үйренуге тырысты және бұл оның қолынан келді. Осы туралы «Шектеусіз өмір» атты кітабында өз құпиясымен бөлісті.
Оның батылдылыққа шақырып, ішкі сенімді оятатын бірнеше нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынамыз:
Дос керек болса өзгеге де дос бола біліңіз. Үмітке мұқтаж болсаңыз, оны өзгелерге де сыйлай біліңіз.
Ешкім сізге есігін айқара ашпаса, бір уақытта бірнеше есікті қағып көріңіз.
Барлығы бір-бірінің бойынан жаман әдетті немесе мінді табуы мүмкін. Бірақ мен алтынның сынығын табуға кеңес берер едім.
?рбір ісіңіз сізді шабыттандырып, жандандырып отыратындай болсын.
Кей жағдайда жауаптың бірден келмейтінін түсініңіз.
Өзіңізді бар болмысыңызбен қабылдауға дайын болмасаңыз, өзгелерді қабылдау тіпті қиын.
?лемде мені жанамай өткен көптеген қиын мәселелер бар. Менің өмірім кейбір жандардың өмірінен мың есе жеңіл екеніне де сенімдімін.
Көмек сұрауға болатынын және оның керек екендігін тым ерте ұғындым. Жалғыз күресе алмайтын қиындықтар да бар.
Нені жасай алдың, нені жасай алмадың, кім боласың және кім бола алмайтындығыңмен махаббатың шаруасы жоқ. Шынай махаббат тек жүрегіңе ғана қарайды.
Қандай қиындыққа тап келсең де соның қуанышты тұсын табуға тырыс.
?лемге деген көзқарасыңыз қашықтықтан басқаратын пульт сынды. Тамашалап отырған бағдарлама ұнамаса, пультті алып басқа арнаға ауыстырасыз. Өмір де сол секілді: істің нәтижесіне көңіліңіз толмаса, бастан өткерген қиыншылыққа қарамастан бағытыңызды өзгертіңіз.
Өзін жолы болмайтын адам ретінде көретіндер – қол қусырып отырғанда жетістікке қаншалықты жақын жүргендігін түсінбеген адамдар.
Жаның жаралы болса мінсіз сырт келбетіңінің еш мән-мағынасы жоқ.
Өмірдегі ең үлкен қуаныштың бірі – жеке өмірің мен тәжірибеңнен де маңыздырақ істің бір мүшесі атану.
Күйзелісті бастан өткерген жағдайда күш жинай алмайтыныңызды сезінсеңіз, сізге не болғанын, ал ішіңізде не болып жатқанын бөліп қарастырудың маңызды екенін ұмытпаңыз.
Өмір жақсы болуы мүмкін. Егер біз соны таңдай білсек қана.
Тағы бір күнің – тағы бір мүмкіндігің!
http://www.mirpozitiva.ru/topics/301_silnye_citaty_nika_vujchicha.html сайтынан алынған.
Эсте Лаудер (01. 07. 1908 – 24. 04. 2004) – американдық кәсіпкер, «Эсте Лаудер» Корпорациясының алғашқы негізін қалаушысы және…
Айзек Азимов (Isaac Asimov, туылған кездегі аты ?саáк Ю́дович Ози́мов; 1920 жылдың қаңтардың 2 күні, РСФСР, Смоленская облысының,…
Я́нуш Ко́рчак (поляк тілінде. Janusz Korczak; шын аты Эрш Хе́нрик Го́льдшмит (поляк тілінде Henryk Goldszmit); 22 шілде 1878, Варшава — 6 тамыз…