«Сәби» Қайырымдылық Қорының бес жыл бұрын сынамалы ретінде іске қосылған «Жасөспірімдер» жобасы өзінің нәтижелерін…
Еркін Мейірім Қоғамымен бірлесе 2007 жылы тұсауын кескен «Балаларға өмір сыйла» атты SMS - акциясы бойынша кезекті есептемені назарларыңызға ұсынамыз. Осы жылдар ішінде жобаның арқасында жиналған қаражаттың мыңдаған балалардың өмірін сақтап қалуға және бақытты өмір сүруге көмегі қаншалықты мол екенін көріп отырмыз.
2016 жылдың 14 қазанына дейін, бүкіл Қазақстан бойынша 1435 бала көмек алды. Төленген операцияның жалпы құны 2 137 352 438 теңге. Жалпы 2033 операция жасалынды (кейбір балаларға операция бірнеше рет жасалынды).
Науқанға қатысу өте оңай. СМС хабарлама ретінде 1 санын 8099 қысқа нөміріне жіберсеңіз сіздің мобильді нөміріңіздің теңгерімінен 280 теңге жоба аясында ашылған арнайы шотқа жіберіледі. Бұл қызмет ACTIV, KCELL және BEELINE абонттеріне ашық. Ұялы байланыстың операторлары ешқандай комиссия ұстамайды, қайырымдылық қаражатыңыз толық аударылады.
Сіздерге жазылып кеткен және сауыға бастаған балалармен олардың ата – анасынан шексіз алғысымыз айтамыз. Меірімді адамға өзгенің ауруы да дерт!
«Сәби» Қайырымдылық Қорының бес жыл бұрын сынамалы ретінде іске қосылған «Жасөспірімдер» жобасы өзінің нәтижелерін…
Балалар үйлерінің түлектерінің өмірін қиындататын пәтер мәселесі «Сәби» Қайырымдылық Қордың Жасөспірімдер жобасының…
«Балаларға өмір сыйла» атты акциясы бойынша кезекті есептемені назарларыңызға ұсынамыз. Естеріңізге сала кетейік,…