Кішкене қадаммен – үлкен көмек

Қайырымдылық қызмет тек қана ауқымды және кішкентай істерден құралмайды. Көп жағдайда ақшалай қаражаттарды қажет етпей, уақытылы және шын жүректен берілген көмек нағыз кереметтерді тудырады. Ол біреудің өмірін жеңілдетуі, жайландыруы тіпті үлкен өзгерістер әкелуі мүмкін.

Біз өз сайтымыз бен әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда кез келген ниетті алғыспен қабыл алатындығымыз жайлы айтудан жалықпаймыз. Әр көмекті жіпке тізбектегендей, тиындап жинай отырып, біз сіздермен бірге біршама қаражат жинақтап, көптеген мұқтаж жандарға көмектесе алдық.

Қозғалулары қиын, сондықтан мүгедектер арбашасын қолданатын ақтөбеліктерге «Сәби» қоры ортопедиялық матрасы бар керемет кереуеттер сыйлаған кезде, олардың бақытты жүздерін көрсеңіздер ғой! Күрделі өмірлік жағдайға тап болған 32 адамның өмірі шамалы болса да жеңілдей түсті.

Осындай үлкенді-кішілі «жұғындылар» арқылы біз қайырымдылық көрінісін тудырамыз. Барлығы сіздердің көмектеріңіздің арқасында!

 

01.02.2019
20.09.2024
Атырау облысының…

Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…

Жаңалықтар
06.09.2024
"Сәби" қайырымдылық қоры…

Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…

Жаңалықтар
06.09.2024
Жаңа бронхоскоптың…

Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне  арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…

Жаңалықтар