2017 жылы «Сәби» қоры Ақтөбе қаласында балалар үйінің түлектеріне арналған «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу…
«Сәби» Қайырымдылық Қоры Ақтобе қаласының балалар үйлерінің түлектеріне арналған ?леуметтік жатақханасын жоба бойынша салу жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таңда тиісті мекемелерде келісімде жатқан Нобай жобасы дайын.
Жобаның құрылысына сәйкес жалпы ауданы 2,7 га болатын телімінде екі 2-қабатты 2-кіреберісті таунхаус және екі 2-қабатты 3-кіреберісті 80 орынды бірнеше бөлікке бөлінген таунхаус тұрғызылады. Бірінші қабаттар арбалы-мүгедектерге арналған. Сонымен қатар бірінші қабаттың әр бөлігінде 2 түсті тамбур, дәліз және баспалдақ торы бар және жалпы ауданы 41 шаршы метр болатын 4 бір бөлмелі пәтерлер бар. Барлық пәтерлерде кіреберіс, жуынатын бөлме, тұрғын бөлме, ас-үй және лоджия бар. 2-ші қабатта да 4 бір бөлмелі пәтерлер орналасқан.
?кімшілік ғимараты әлеуметтік жатақхананың басқаруына және қызмет көрсетуіне, сол жерде тұрып жатқандарға оқу-өндіріс жүрісін ұйымдастыруға сонымен қатар олардың бос уақытын өткізуге арналған. Сол мақсатпен ғимараттың ішінде бастыққа қабылдау бөлмесі бар кабинет, бухгалтерия, кеңселер және көмекші жайлар қарастырылған. Оқу – өндірістік аудандарға шаштараз, фото-көшірме жасайтын цех, аяқ киім жөндеу және тігін цехі бар, сол цехтердің аясында мекеменің тәрбиеленушілері әртүрлі кәсіптерді үйренеді, жұмыс тәжірибесінен өтеді және еңбек қызметімен айналысады. Сөйтіп өздеріне бастапқы қаржылай ауқаттылығын және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз етеді. ?кімшілік ғимараттың қоғамдық бөлігінде вестибюлімен мәжіліс залы және киім шешетін орынмен жабдықталған спорттық – оңалту залы орналасқан. Техникалық бөлімі мәжіліс залының артында болады. Жылумен қамтамасыз ету үшін аумақта дербес газ жылу бөлмесі қарастырылған.
Мекеменің аумағында әртүрлі спорт ойындарына арналған көпфункционалды спорт алаңы салынады, таза ауада жаттығу алаңы болады, 30 көлікке арналған көлік тұрағы мен техникалық ғимарат блогі салынады.
Сонымен қатар жоба бойынша құрылыстың аумағын аббаттандыру қарастырылған: өрттен сақтану ережелері бар асфальтталған жол, жаяужол, тас төселген бақша жолы ғимарат пен үйлердің арасымен қыдырып жүретін жол салынады. Оған қоса гүлбақша мен гүлалаң болады, кішкентай архитектуралы пішіндер қойылады, жас көшеттер отырғызылады.
Аумақтық жалпы ауданы – 4,03 Га, қолданылатын ауданы 2,70 Га. Құрылыстың жалпы ауданы 4300 шаршы метр. Нысандардың барлығы заманауи ҚР нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.
Фотосуреттер мында.
2017 жылы «Сәби» қоры Ақтөбе қаласында балалар үйінің түлектеріне арналған «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу…
Біздің қор жүзеге асыратын барлық жобаларға біз ұзақ мерзімді қолдау көрсетеміз. Солардың бірі - «Сәби» қоры 2017 жылы…
Ақтөбедегі «Мейірім» жастардың әлеуметтік бейімделу орталығында 18-ден 29 жасқа дейінгі 100-ден астам тәрбиеленушілер -…