Хорхе Букайдың өсиет әңгімелері

Хорхе Букайдың өсиет әңгімелері Бүгін біз «Ұлылардың дана сөздері» айдарында біздің оқырмандарды қазіргі кездегі аргентиналық әдебиетінің жұлдызы, әйгілі психолог және психъотерапевт Хорхе Букаймен таныстырғымыз келіп отыр. Оның кітаптары әлем бойынша 18 тілге аударылды, ал жалпы таралым саны 2 миллион данадан асып түсті. 

Латиноамерикалық баспашылардың айтуы бойынша, күнделікті қоғамдық көлікте кемінде екі-үш адам доктор Букайдың кітабын аса ынтамен оқып отырғанын байқауға болады.

Сыншылар болса: [i]«Осындай данышпан, сонымен қатар оптимисті жазушы күрделі нәрселерді қарапайым тілмен жеткізудің хас шебері болып табылады. Оның кітаптарын оқып шыққан адам, психотерапевтке барып келгенмен тең»[/i] деп бағалады.

Хорхе Букайдың шығармаларының басты ерекшеліктері: қызықты сюжет, әзіл және даналық, өмірге деген құштарлық, өз-өзінді түсіністікке келтіріп махаббатқа жету болып табылады.
 
[i]Сақинаның нағыз бағасы[/i]

Хорхе Букайдың өсиет әңгімелеріКүндердің бір күнінде Данагөй адамға жас жігіт келіпті:
-Менің сізге келген себебім, мен өзімді сондай бейшара және түкке тұрғысыз сезініп, өмірге деген құштарлығымды жоғалттым. Жан-жағымдағылар мені бейбақ, босаң және нақұрыс ретінде ғана санайды. Өтінем, көмек беріңізші, не істеуім керек!
Данагөй бозбалаға көз қиын ғана салып қойып, асығыс жауап берді:
-Кешірім өтінемін, әзірге менің қолым бос емес болып отыр, сондықтан да көмектесуім екі талай. Маған қазір өте маңызды жұмысты істеу керек еді, - деп, сәл ойланып болғаннай кейін: - Бірақ егер де, сен маған ісімді атқаруға көмектессең, мен саған аса құштарлықпен сенің мәселеңді шешуге ат салысар едім, - деді.
-А?...әрине, Данагөй, - деп әрең дауысын шығарған жас бала, өзіне тағы да көңіл аудармағанын ұғынып іштей күйінді. 
-Келістік, - деді Данагөй. Сосын сол шынашағынан шағын сақинаны щешіп, - Мынаны ал да, атқа отырып базарға бар! Маған осы сақинаны тезірек сатып, мойнымдағы бір қарыздан жылдам құтылу керек. Өз тарапыңнан сен ол үшін көбірек ақша алуға тырыс, ең бастысы оған бір алтын ділдадан кем алушы болма! Шауып барып, тезірек қайт!
Бозбала сақинаны ала салып шауып жөнелді. Базарға келе салысымен саудагерлерге сақинаны ұсына бастады, басында олар қызыға оның тауарын қарастырған болатын. Алайда бағасын бір алтын ділда деген кезде, барлық ықыласы бірден жоғалып кететін. Біреулері оған бетіне ашық күліп, екіншілері тіптен көңіл аудармады, тек бір егде жастағы саудагер оған сыпайы түрде оған бір алтын ділдә тым қымбат екенін, сақина үшін қола ділдә, әрі кеткенде күміс ділдә екенін айтты. Қарт кісінің сөздерін естігенде жас жігіт өте уайымдатты, өйткені ол Данагөйдің алтын ділдәдан төмен түсірме деген талабын есінде сақтаған болатын. Бүкіл базарды аралап, жүз шақты адамға сақинаны ұсынған бала, ақыры сата алмай, атына мініп Данагөйге құр қол оралды. Ол өзінің сәтсіздігіне қатты түніліп Данагөйге келді. 
-Данагөй, мен Сіздің берген тапсырмаңызды орындай алмадым, - деп басын түсірді. – Ең көбі бұл сақина үшін мен екі күміс ділдә алғандай едім. Бірақ Сіздің талабыңыз бойынша мен алтын ділдәдан кем алмауым керек болған. Ал бұл сақина соншама ақша тұрмайды. 
-Балам, сен қазір ғана дұрыс нарсе айттың! – деп Данагөй басын көтерді. – Сақинаны сатар алдында оының шынайы бағасын біліп алу қажет еді ғой! Ал оны нағыз бағалайтын кім? ?рине, зергер! Тезірек зергер шауып барып, одан қанша тұратынын сұра. Қанша ақша ұсынса да, сен оған келіспей маған қайта кел.
Бозбала атына міне салысымен-ақ, тезірек зергерге жетті. Зергер үлкейткіш әйнекпен сақинаны қарап, сосын кішкене таразыға өлшеп, жігітке бет бұрды:
-Данагөйге айта бар, мен бұл сақинаға әзірге бере алатыным тек елу сегіз алтын ділдә. Бірақ та ол келіспей бара жатса, бірер уақыттан кейін одан жетпіске алуға даярмын.
-Жетпіс ділдә?! – деп, қуанышы қойнына сыймаған жігіт ақырып жіберді. Ол зергерге алғысын білдіріп, қайта жөнелді. 
-Енді мені тыңда, - деді данагөй алдымен жігіттің шаттанған әңгімесін тыңдап болып. - Сен осы сақинасын. Сондай асыл және ерекшесін! Сенің тұрарлық бағаңды тек нағыз сарапшы ғана біле алады. Енді неге сен базарда жүргендей, әркімнің айтқан сөзге құлақ елеп жүрсіз?
Осы сөздерден кейін Данагөй өз сақинасын сол шынашаққа қайта тақты.[/i]

[i]Өз-өзіңе лайықты бол[/i]

Хорхе Букайдың өсиет әңгімелеріБір күні патша өз бақшасына келсе, ағаштардың, бұталардың және гүлдердің өлейін деп жатқанын байқады. Мен Қарағай сияқты биік бола алматындықтан өлейін деп жатырмын деді Емен. Патша Қарағайдың күйінгенін көріп: ол Себет тал секілді жүзім бере алматынын ойлағанынан бүгіліп кетіпті. Ал Себет тал, Раушан гүл секілді гүлдене алмайтындықтан қурап бара жатыр екен. Раушан гүл, Емен сияқты күшті және қуатты болмайтындығынан жылап тұр.
Сол сәтте ол алдынан тамаша гүлденіп Фрезияны кезіктірді. Патша одан сұрады: 
-Сен солып және көңілсіз қалған бақшаның ортасында сен ғана өсіп өніп тұрсың? Бұл қалай болғаны?
Сол кезде ?сем гүл:
-Білмеймін. Мүмкін, сен мені отырғызған кезде, кейін өскен кезде Фрезияны күткен болар деп ойладым. Егер сен бақшаңда тағы бір Раушан гүл немесе Емен ағашын қаласаң, тағы да оларды отырғызар едің. Сол кезде мен өзіме: мен Фрезия қаншалықты әдемі болса, соншалықты тырысамын деп өзіме серт бердім.

Құдай бізді әр-қайсысымызды әр-түрлі етіп қылып жаратты, ешкімге ұқсатпай, ешкімге еліктіртпей. Сондықтан өз-өзіңе лайықты бол, қабілетіңе сай, қолыңнан келетін ісіңді жасап, одан ары жетілдір. Бұдан ғажап тағы не болуы мүмкін ?[/i]

04.06.2013
03.02.2017
Эсте Лаудердің …

Эсте Лаудер (01. 07. 1908 – 24. 04. 2004) – американдық кәсіпкер, «Эсте Лаудер» Корпорациясының алғашқы негізін қалаушысы және…

Ұлылардың дана сөздері
23.09.2016
Айзек Азимовтың кітабынан…

Айзек Азимов (Isaac Asimov, туылған кездегі аты ?саáк Ю́дович Ози́мов; 1920 жылдың қаңтардың 2 күні, РСФСР, Смоленская облысының,…

Ұлылардың дана сөздері
03.08.2016
Януш Корчактың қарапайым…

Я́нуш Ко́рчак (поляк тілінде. Janusz Korczak; шын аты Эрш Хе́нрик Го́льдшмит (поляк тілінде Henryk Goldszmit); 22 шілде 1878, Варшава — 6 тамыз…

Ұлылардың дана сөздері