Психологиялық түзету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы іске қосылды

Психологиялық түзету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы іске қосылды Балалар үйінің тәрбиеленушілері өзінің аз ғана өмірінде аса ауыр психикалық жарақат алып, жағымсыз тәжірибеге ие болады. Олардың дүниетанымы өте қатты бұрмаланған және тиісті әлеуметтік дағдылар қалыптаспаған. Олар өркениетті қоғамдағы өмір жайлы ешнәрсе білмейді, алайда өзінде ұзақ уақыт болған сол бір күрделі ортаның әдеттерімен жақсы таныс.

Балалар қалыпты өмір сүруді армандап, жақсы адам болғысы келеді және сол үшін көп нәрсе жасайды, алайда балалар үйінің не интернаттың қабырғасынан шыққаннан кейін көбінеки жаман ортаға қайтып оралады; олардың өз бетінше өмір сүруіне біршама ақшасы бар, бірақ олар ол ақшаны тиімді жұмсай алмайды.

Толықтай мемлекеттің асырауында өмір сүрген ұзақ жылдардан кейін кешегі балалар үйінің түлектері өз бетінше өмір сүруге дайын болмай шығады. Олар өз құқықтарын білмейді және қорғай алмайды, өз бетінше жауапты шешім қабылдап және алға қойылған мақсатына қол жеткізе алмайды.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры осы бір елеулі мәселе бойынша ұзақ уақыт жұмыс істеп келеді.

Біз балалар үйінің түлектеріне арнап мамандармен: дәрігерлермен, педагогтармен, психологтармен кеңес беру шараларын ұйымдастырдық. Сонымен қатар, әңгімелесуге қызықты адамдарды, табысты кәсіпкерлерді, өз саласының білікті кәсіби шеберлерін шақыртып отырдық. Олар балалармен өмірлік тәжірибесімен және өз жетістіктерінің құпияларымен бөлісті. ?рине, аса маңызды шараға жасөспірімдерді ересек өмірге даялау барысында солармен тікелей айналысып отыратын балалар әлеуметтік мекемелерінің қызметкерлеріне арнап психологиялық оқыту семинарлары мен тренингілерді өткізу ісі айналды.

«Сәби» қоры әлеуметтік бейімдеу жөніндегі маңызды қызметін жалғастырумен балалар үйі мен интернаттардың түлектерін психологиялық түзету жөніндегі бағдарламаны іске қосты. Жоғары білікті машықтанушы психолог 7 ай бойы Алматы қ. № 1, № 2 және Алматы облысының № 1 балалар үйінің ересек балаларымен теориялық және практикалық сабақтар өткізетін болады. Арнайы әзірленген бағдарлама жас тұлғаның өмірлік қалыптасуының түрлі аспектілерін қамтиды: өмірлік жағдайлардан мысал келтіреді және жасөспірімдерге солардан шығудың дұрыс жолдарын ұсынады.

17.11.2010
20.09.2024
Атырау облысының…

Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…

Жаңалықтар
06.09.2024
"Сәби" қайырымдылық қоры…

Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…

Жаңалықтар
06.09.2024
Жаңа бронхоскоптың…

Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне  арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…

Жаңалықтар