«Өз ісіңді баста 2019-2020» байқауының қорытындысы

Бүгін Алматыда «Сәби» қайырымдылық қоры жетінші рет өткізіліп отырған «Өз ісіңді баста 2019-2020» байқауының нәтижелерін жариялады. Осы уақыт аралығында байқау жас кәсіпкерлерді қолдайтын және Қазақстанның жас кәсіпкерлері арасындағы шынайы бәсекелестікке толы ерекше жобаға айналды.

Байқауға деген қызығушылық үнемі артып келеді. Бұл байқауға рекордтық жас бизнесмендер қатысты. Бізге 900 ролик тапсырысепн түсті, бұл өткен жылдағы өтініштер санынан үш есе көп. Жеті жылдың ішінде байқауға 3000-нан астам жоба қатысты.

Биыл бізде грант алушылар саны және байқау тарихындағы ең үлкен жүлде қоры - 300 000 АҚШ долларын құрап рекордты жыл болды. Осылайша, кәсіпкерлерге 7 жыл ішінде берілген гранттардың жалпы сомасы 1,5 миллион доллардан асты.

Сонымен көп созбай, өз бизнесін дамыту үшін грант алған жеңімпаздардың тізімі:

1. Cerebra. Инсультты уақытылы диагностика жасайтын жасампаз интеллект  (Алматы) - $50 000
https://entrepreneur.saby.kz/projects/2020/6954

2. Су өндіру цехі (Ақтау) -  $30 000 
https://entrepreneur.saby.kz/projects/2020/6481

3. Әр үйде бал болсын. Бал өндіру кәсібі (Өскемен) - $30 000     

https://entrepreneur.saby.kz/projects/2020/6437

4. Қой шаруашылығы  (Ақмола облысы) - $30 000
https://entrepreneur.saby.kz/projects/2020/6944

5. AlfaSat. Ғарыш технологиясын дамыту (Алматы)  - $30 000
https://entrepreneur.saby.kz/projects/2020/6532

6. "OIKO" тұрмысқа арналған экохимия (Алматы)  - $30 000
https://entrepreneur.saby.kz/projects/2020/7340

7. Бройлерлі құс фабрикасы (Арқалық)- $30 000   
https://entrepreneur.saby.kz/projects/2020/6871

8. Жем өндіру зауыты (Алматы) – $25 000
https://entrepreneur.saby.kz/projects/2019/5988

9. Tazalyk. Қоқыс-қалдықтан тазалау қызметі (Алматы) – $20 000
https://entrepreneur.saby.kz/projects/2020/6931

10. "Әулет Есболат" мал шарушылығы (Орал) – $15 000    
https://entrepreneur.saby.kz/projects/2020/6195

11. "Фитомиллдер" диетаға арналған өнім өндірісі (Өскемен) - $10 000
https://entrepreneur.saby.kz/projects/2020/7293

05.03.2020
20.09.2024
Атырау облысының…

Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…

Жаңалықтар
06.09.2024
"Сәби" қайырымдылық қоры…

Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…

Жаңалықтар
06.09.2024
Жаңа бронхоскоптың…

Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне  арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…

Жаңалықтар