«Өз ісіңді баста 2022-2023» байқауының қорытындысы

Алматыда «Өз ісіңді баста 2022-2023» IX жас кәсіпкерлерді қолдау байқауының жеңімпаздары анықталды.

«Сәби» Қайырымдылық қоры 9 жыл бойы кәсіпкерлер Кеңес Рақышев пен Вячеслав Кимнің қолдауымен қазақстандық жас кәсіпкерлерге өз идеяларын жүзеге асыруға немесе жұмыс істеп тұрған жобаларын одан ары дамытуға нақты мүмкіндік беріп, қаржылық қолдау көрсетуде.  

Биыл байқауға 1054 өтінім түсіп, нәтижесінде 21 жоба іріктеуден өтті. Бизнес-жоспарлары мен жеке  кездесуде ұсынған презентацияларды  зерделегеннен кейін қазылар алқасы 9 жеңімпаздарды таңдады, олардың жобалары үздік деп танылды.

Биылғы жылы жүлде қоры 330 000 долларды құрады, ал 50 000 доллар чек алған финалистер саны жаңа рекорд болды. Сонымен, өз кәсібін дамыту үшін өтеусіз грант алған жеңімпаздардың тізімі:

1. Мұнай және газ ұңғымаларына арналған қаптама тізбегін орталықтандырушы өндірісі – $50 000

2. Altyn Bala жөргектері – $50 000  

3.myMind. Деменция сынағы - $50 000  

4. Полиэтилен қалдықтарын Masterbatch бояуына қайта өңдеу – $50 000  

5. Ansar foods. Макарон өнімдерін өндіру – $50 000  

6. Qaz Textile. Тоқыма ленталар өндірісі – $30 000  

7.SmarTestPrep. Білім беру платформасы - $20 000  

8. Jaryq Academy. Онлайн курстар - $20 000

9. Дәретхана қағазы мен майлықтарды өндіру – $10 000  

Барлық финалистерді шын жүректен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!

03.03.2023
16.01.2023
IX «Өз ісіңді баста»…

Байқауға қатысу үшін 1054 жұмыс жіберілді.  Қазылар алқасы әр бейнероликті мұқият қарап, ары қарай 21 жобаны іріктеп…

Жаңалықтар
13.01.2023
Tayyab & Saby

Біз Tayyab қосымшасы арқылы қорымызға қайырымдылық жасаған барлық жанашыр жандарға алғысымызды білдіреміз. Tayyab…

Жаңалықтар
16.11.2022
Димаш Құдайбергенмен…

Біз сіздермен тамаша жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз. Бүгін белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген…

Жаңалықтар