Біздің серіктестеріміз, достарымыз және көптен бері жазылушыларымыз "Сәби" қорының маңызды жобаларының бірі –…
«МҮГЕДЕКТЕРГЕ – ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР»
Жобаның мақсаты:
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға өзін-өзі жүзеге асыру деңгейін арттыру, олар үшін лайықты өмірлік жағдайлар жасау, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімдіктерін ұйымдастыру, мүгедектерді қоғамға ықпалдастыру және оңалту үшін жағдай жасау.
Жобаның негізгі міндеттері:
1. Барлық мұқтаждардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына еркін қол жетімдігін қамтамасыз ету және Қазақстан қалаларында қозғалу кезінде ерекше қиыншылықтар туындайтын адамдарға, бірінші кезекте, арбамен жүретін мүгедектерге тегін көліктік қызметтер көрсету бойынша «?нватакси» мамандандырылған автопарктерін ұйымдастыру арқылы өмір сапасын едәуір арттыру. Арнайы көтергіш құрылғылармен жабдықталған көліктер мүгедек арбаларындағы адамдарға көп күш жұмсамай және орын ауыстыру қажеттілігісіз автокөлік салонына кіруге мүмкіндік береді.
2. Қозғалу кезінде ерекше қиыншылықтары бар адамдарға қоғамға ықпалдасу және белсенді болу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қозғалу қабілеттігі, мүмкіндігі шектеулі кемтар адамдарға қоғам өміріне, соның ішінде жұмыс істеу мүмкіндігі арқылы белсене қатысу мүмкіндігін береді. Мектептерге, дамытушы үйірмелерге және мәдени іс-шараларға қатыса алатын адамдарға ерекше назар аудару қажет.
3. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемаларына қатысты Қазақстан азаматтарының дүниетанымын қалыптастыру.
Мәселені белгілеу:
Біз күнделікті өмірімізде, көшеде мүмкіндігі шектеулі, мүгедектер арбаларындағы адамдарды көреміз бе? Өте сирек. Дегенмен бұл жайт, мұндай адамдардың аз екенін білдірмейді. Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі 40000-ға жуық адам тұрады, соның ішінде 2000-ға жуығы балалар. Егер дені сау адам, өзінің жеке істерін шеше отырып, машина, такси немесе қоғамдық көлікті пайдалана алса, тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған, мүгедек адамға мұндай қозғалыс түрі қол жетімсіз болып табылады. Бұл осындай қозғалыстың қымбатқа түсуіне, сондай-ақ мүгедектер арбасын тиеудің қиындығына байланысты. Өз үйінің төрт қабырғасында мәжбүрлі қамалып отыру салдарынан, мүгедектер адам үшін қарапайым жерлерге – дүкенге, ауруханаға, банкке шыға алмайды, ал театр, кино және мұражайды айтып та керегі жоқ. Сонымен қатар, олар жұмыс істеу және оқу, мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндігінен айырылады, яғни – қоғамнан толықтай оқшауланады, бұл олардың тек моральдық күйіне нұқсан келтіріп қана қоймай, сонымен қатар кепілді конституциялық құқықтарын да бұзады.
Жобаны жүзеге асыру сценарийі:
Мәселенің бар қиындығын назарға ала отырып, «Сәби» қайырымдылық қоры өзінің дербес мониторингін жүргізіп, Қазақстан қалаларында арбамен қозғалатын мүгедектерді тасымалдауға арналған мамандандырылған автопарктерді ұйымдастыру қажет деген қорытындыға келді. Арнайы көтергіш құрылғылармен жабдықталған көліктер мүгедек арбаларындағы адамдарға көп күш жұмсамай-ақ автокөлік салонына кіруге мүмкіндік береді. Қозғалу қабілеті мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғам өміріне, әсіресе балаларға аса маңызды, мектептерге, дамытушы үйірмелерге және мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндігін береді.
Жобаның іс-шаралары:
1. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған атвокөліктерді сатып алу және оны одан әрі пайдалану үшін Қазақстанның Қалалық Мүгедектер Қоғамдарына сыйға тарту (Орындаушы – «Сәби»);
2. Ғимарат пен құрылыстардың сатыларынан мүгедек арбалардың қозғалысын ұйымдастыру үшін арнайы сатылы көтеріп-түсіргіш механизмдерін сатып алу және «?нватакси» автокөлік қызметтерін онымен жабдықтау (Орындаушы – «Сәби»);
3. Жұмыс істеу мүмкіндігі бар мүгедектерді жұмыс орындарындағы жұмыспен қамти отырып, Қазақстан қалаларындағы «?нватакси» автопарктерін және диспетчерлік қызметтерді ұйымдастыру (Орындаушы – ҚР Қалалық Мүгедектер Қоғамы);
4. «?нватакси» қызметтер базасында ұйымдастырылған диспетчерлік материалдық-техникалық базаларды қалыптастыру, соның ішінде мүгедектерден тасымалдау өтінімін қабылдау үрдісін автоматтандыру үшін және бюджеттік қаражаттардың жұмсалуы бойынша есептілік қалыптастыру үшін компьютерлік техника жинақтамаларымен және бағдарламалық жабдықтаумен жабдықтау (Орындаушы – «Сәби»);
5. Қазақстан қалаларында «?нватакси» ұйымдастырылған қызметтер жұмысын қаржыландыру (Орындаушы – ҚР қалалық әкімдіктері)
Жобаның тарихы:
Жобаның ауқымды жоспарларын жүзеге асыру мақсатында, 2008 жылдың маусым айында Алматы қаласында «Сәби» қоры Көркемөнер көрмелерінің дирекциясымен бірлесіп «Арт Номад» көрмесін ұйымдастырған болатын, оның мақсаты жұртшылықтың назарын мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемаларына аудару, сонымен қатар шетел қонақтарын Қазақстанның бейнелеу және қолданбалы өнерімен таныстыру болатын. Ең танымал Christie’s аукцион үйінің төрағасы лорд Дэвид Линлидің осы іс-шараға қатысуы жобаның келесі кезеңін жүзеге асыруға – Лондонда Christie’s аукцион үйінде қайырымдылық аукционын және көрмені ұйымдастыру мүмкіндігін берді. Бұл оқиға 2008 жылдың қазан айында өтті және тек Қор үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл еліміз үшін елеулі оқиғаға айналды, себебі әлемге Қазақстан мәдениетінің құрамдас бөліктерінің бірін ашты. Қазақстан өнері осындай жоғарыда деңгейде тұңғыш рет ұсынылған болатын. Аукцион және көрменің нәтижесінде 1 000 000 АҚШ долларға жуық қаражат жиналды. Барлық қаражаттар озық технология бойынша жабдықталған алғашқы 20 Volkswagen маркалы «?нватакси» мамандандырылған автокөліктерін сатып алуға жұмсалған.
Жобаның қаржыландырылуы:
Жоба «Сәби» ЖҚҚ ҚЕҰ қайырымгерлерінің ерікті салымдары арқылы қаржыландырылады.
Күтілетін нәтижелер:
Осы Бағдарламаның кезеңдік жүзеге асырылуы мүгедектер және аз оңтайландырылған халық тобы үшін тіршілік әрекетінің шектеулерін жеңуге, мүгедектердің қоғамға ықпалдасу көрсеткішін арттыруға, мүгедектердің әлеуметтік қорғану дәрежесін арттыруға, мүгедектердің әлеуетті қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыру бойынша жағдай жасау үшін әлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасын бекітуге, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің кадрларының біліктілігін арттыруға, мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемаларына қатысты Қазақстан азаматтарының дүниетанымын қалыптастыру үшін алғышарттар жасауға мүмкіндік береді.
Елеулі кезеңдер:
Жоба 9 жыл бойы жұмыс атқарып келеді. ҚР 20 қаласында 43 000 мүгедек үшін 62 автокөлік сатып алынған. 2014 жылдың басынан бастап «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы мемлекет аясында жұмыс істейді.
2018 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРДАҒЫ М?ЛІМЕТТЕР БОЙЫНША «МҮГЕДЕКТЕРГЕ – ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:
- Қазақстан Республикасының 20 қаласында жалпы арнаулы 62 автокөлік сатып алынды, оның ішінде:
Volkswagen Caddy автокөліктері – 31 дана;
Volkswagen Transporter автокөліктері – 28 дана;
Volkswagen Сrafter автокөліктері – 3 дана;
Көліктер қала мүгедектерінің қоғамдық ұйымдарына табысталған:
2009 жылдың шілде айы, 2012 жылдың тамыз айы, Алматы, АГО? – 15 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 8 дана;
Volkswagen Transporter – 4 дана;
Volkswagen Сrafter – 1 дана.
2009 жылдың желтоқсан айы, Атырау – 3 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 2 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.
2010 жылдың қаңтар айы, 2011 жылдың қаңтар айы, Қостанай – 3 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 2 дана.
2010 жылдың ақпан айы, Қарағанды – 2 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.
2010 жылдың сәуір айы, 2011 жылдың желтоқсан айы, Тараз – 2 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 2 дана.
2010 жылдың шілде айы, Семей – 2 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.
2010 жылдың шілде айы, Астана – 5 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 2 дана;
Volkswagen Transporter – 2 дана;
Volkswagen Сrafter – 1 дана.
2010 жылдың шілде айы, Павлодар – 2 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.
2010 жылдың шілде айы, Ақтөбе– 2 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.
2010 жылдың желтоқсан айы, Көкшетау – 2 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.
2010 жылдың желтоқсан айы, Теміртау – 2 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.
2010 жылдың желтоқсан айы, 2011 жылдың сәуір айы, Шымкент – 4 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 2 дана;
Volkswagen Transporter – 2 дана.
2011 жылдың сәуір айы, Өскемен – 2 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.
2011 жылдың сәуір айы, Қызылорда – 2 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.
2011 жылдың желтоқсан айы, Орал – 2 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.
2011 жылдың желтоқсан айы, Екібастұз – 2 автокөлік:
Volkswagen Caddy – 1 дана;
Volkswagen Transporter – 1 дана.
2012 жылдың наурыз айы, Алматы – 2 автокөлік:
Volkswagen Transporter – 1 дана;
Volkswagen Сrafter – 1 дана.
2013 жылдың қыркүйек айы, Талдықорған – 2 автокөлік:
Volkswagen Transporter – 1 дана;
Volkswagen Сrafter – 1 дана.
2013 жылдың қыркүйек айы, Жезқазған – 2 автокөлік:
Volkswagen Transporter – 1 дана;
Volkswagen Сrafter – 1 дана.
2013 жылдың қыркүйек айы, Петропавл – 2 автокөлік:
Volkswagen Transporter – 1 дана;
Volkswagen Сrafter – 1 дана.
2013 жылдың қыркүйек айы, Түркістан – 2 автокөлік:
Volkswagen Transporter – 1 дана;
Volkswagen Сrafter – 1 дана.
2017 жылғы сәуірде «Сәби» қорының 15 жылдығы құрметіне барлық 62 инватакси автокөліктерінің жабдығы жаңартылды.
Барлық жобаға қатысушы-қоғамдарға, диспетчерлік қызмет жұмысын жетілдіру мақсатында, сонымен қатар, автокөліктерді пайдалану бойынша есептілікті бірегейлендіру мақсатында сыйға жалпы саны 14 жинақтама компьютерлік техника берілді;
«?нватакси» ұсынатын қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында Алматы (2 дана), Семей, Астана, Өскемен, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда, Орал, Екібастұз, Талдықорған, Жезқазған, Петропавл, Түркістан қалаларының 16 мүгедектер қоғамы үшін мүгедек арбаларына арналған 19 сатылы көтергіш сатып алынып, сыйға тартылған.
Біздің серіктестеріміз, достарымыз және көптен бері жазылушыларымыз "Сәби" қорының маңызды жобаларының бірі –…
«Сәби» Қоры «Өз ісіңді баста» байқауының финалистеріне гранттар ғана бөліп қана қоймай, әрқашанда оларға қодан…
Осы жылдар бойы «Сәби» Қоры сатып алған 62 арнайы автомобиль бүкіл Қазақстан бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарды…