?гі істің үлкен-кішісі болмайды

?гі істің үлкен-кішісі болмайды Достар, «Сәби» Қорының жеке есепшотына қайырымдылық үшін QIWI төлем терминалдары арқылы аударған қаржыларыңызға рахмет айтудан шаршамаймыз.

Бір қарағанда аз ғана ақша болып көрінгенімен, олардың үлкен іс бастауға зор көмегі тиюде. Бұл жолы Сіздер жолдаған қаражат көмегімен айықпас дерт – склерозбен сырқаттанған 1 топтағы мүгедек жас ұстазға жәрдем жасадық.

Бұлшық еттерін қалыпты жағдайда ұстау үшін және мүгедектер арбасына отыра алуы үшін ол жігітке физикалық жаттығулармен айналысу керек. Біз оған арнайы қуатты жаттықтырушы сатып алып бердік. Ол дерттің жас жігітті моральді түрде күйретпегені бізді қатты қуантты. ?деби талантқа ие бұл жігіт өзінің өлеңдер мен әңгімелер жинағын шығарып та үлгерген. Жас әдебиетші сүйікті ісімен толыққанды айналысуы үшін біздің Қор ноутбукты да сыйға тарту етті.

Осылайша, достар, Сіздер қайырымдылыққа жұмсаған 200, 500, 1000 теңгенің арқасында бір адамның өмірін жақсы жағына өзгерттіңіздер!
?рбір тиынның маңызды екенін естен шығармаңыздар! «Көп түкірсе – көл» немесе «Тиыннан теңге құралады» деген осы...

04.11.2015
30.12.2024
Атаулы көмек туралы есеп 2024

Сіздерге «Сәби» қорының 2024 жылы көрсетілген атаулы көмек туралы есебін ұсынамыз. Осы жылы Қорға компаниялар мен жеке…

Арнаулы көмек
15.11.2024
Атаулы көмек бойынша есеп…

Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…

Арнаулы көмек
21.08.2024
"Сәби" Қоры Түркістан…

"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап…

Арнаулы көмек