Жас дарындарды қолдайтын "?лем" бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар…
«Сәби» Қорының Президенті ?сел Тасмағанбетованың идеялық дем берушілігімен, ұйымдастырушылығымен және демеушілік көрсетуімен, 2012 жылдың 13 мен 17 ақпаны арасында Нью-Йоркте «Nomad’s Way» әлеуметтік-мәдени акциясы өтті. Іс-шараны ең жоғары деңгейде дайындап және өткізу үшін тұтас командаға тоғыз ай бойына тізе бүкпей жұмыс істеу қажет болды. Сіңірілген еңбек елеусіз қалмады – шетелдік БАҚ өкілдері «Nomad’s Way» іс-шарасын «орасан зор оқиға» және «Қазақстанды ашу» деп атады.
Аталмыш іс-шара біздің Республикамыздың мерейтойлық датасы – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орайластырылып, күллі әлемге Қазақстанның бай тарихи мұрасы мен өзіндік мәдениетін ұсынуды мақсат етіп қойды. Іс-шара өз ауқымына ежелгі қазақ шеберлері – зергерлердің қолданбалы өнерінің көрмесі мен қайырымдылық аукционын біріктірді.
Қазақстанның мәдениетімен таныстығы аз американың әлеуметі үшін қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік мұражайынан лайықты орынды иеленген ?манғали Тасмагамбетовтың бірегей жеке жиынының экспонаттары нағыз жаңалық болды. Қазақ халқының бабалар өнері көп ғасырлық тарихқа ие және жоғары деңгейге қол жеткізгені белгілі. Ерекше орынды негізгі түрде, әйелдер киімінің бұйымдарын жасауға арналған және өзінің шығармашылық шабыты мен көп деңгейлі технологиясымен көздің жауын алатын зергерлік бұйымдар иеленеді. Шебердің әрбір жұмысы өзінің тарихи құндылығымен ғана емес, сонымен бірге бірегейлікті паш ететін бейнешілікке толы тереңдігімен таңдай қақтырады: жасаудың әрбір деталы, әрбір штрихы өзіне белгілі бір мағынаны біріктіреді.
Осы бір сирек кездесетін туындылармен рухтанған Еуропа мен Американың әлемге әйгілі Avakian, de Grisogono, Jacob & Co, Chopard, Chatila зергерлік үйлері, «Сәби» Қоры үшін арнайы түрде, қазақ халқының ең тамаша ұлттық дәстүрлері желісімен дүниеге келген бірегей әшекейлік туындыларды жасады. Бүгінгі күнгі әшекейлік өнердің майталман шеберлері, өздерінің жұмыстарында көне үлгілердің, археологиялық олжалардың, жартасқа салынған көне суреттердің сарынын пайдалана отырып, зергерлік бұйымдарда ғаламат ұлттың тарихи бай мұрасы мен қазіргі заманғы суретшілердің жеке түрде танылатын қолтаңбасын, ақыл жетпейтін шеберлікпен астастыра отырып, теңдесі жоқ бұйымдарды жасады.
Бұл әшекейлер қазіргі уақытта «Сәби» қорының қызметінде елеулі орынды иеленген және қазақстанның түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан жас дарындар мен болашағынан көп үміт күттіретін балалардың зерделілік және шығармашылық дамуы, өмірде қалыптасуы мен әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі таныту үшін экономикалық және ұйымдастырушылық алғышарттар жасау мақсатына бағытталған «?лем» атты жас дарындарды қолдау бойынша Бағдарламасы бенефициар болған, қайырымдылық аукционында лоттар сапасында ұсынылды.
Бұлтарыссыз зор жетістік болған бұл іс-шара, біздің Қорымыздың таңдалған қызметінің бағыты дұрыс екендігін тағы да бір рет қуаттады.
Жас дарындарды қолдайтын "?лем" бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар…
«Сәби» Қорымен жарияланған Жетінші ақындар мүшайрасына қатысу үшін сауалнамаларды қазақ тілінде қабылдау жалғасуда.Басты…
Жарты жыл бұрын «Сәби» Қоры Назарбаев зияткерлік мектебінің бес түлектеріне ?зрайльдің жоғарлы дейгейдегі компьютерлік…