Еркін Мейірім Қоғамымен бірлесе 2007 жылы тұсауын кескен «Балаларға өмір сыйла» атты SMS - акциясы бойынша кезекті есептемені…
Балалар үйінің түлектері. Біз олар жайында қаншалықты аз білеміз. Қоғамдық мекемені бітіре салысымен олардың өмірі оңай соқпайтынын көзге елестету қиын. Жанында тәрбиешісінің қамқорынсыз, не туған-туысқандарының қолдауынсыз, ешқандай өмірлік тәжірибе көріп өспегененнен кейін қаншама бөгелістер мен қиыншылқтарға тап болады. Жалғыз басты адамға білім алып жұмысқа тұру және адам қатарынан көріну қаншама күш-қуатты қажет ететіні мәлім. Ал өзінің жеке пәтеріне қол жеткізу деген, қол жетпейтін армандай болып көрінеді. Бүгінгі күнде балалардың үй-жайлы болып кетуі бірде-екілі ғана.
Бір жыл бұрын «Сәби» Қоры жетім қалған жастарға жеңілдікпен үй алуға көмек көрсететін «Жасөспірімдер» жобасын іске асырған болатын. Бұл жобаның бекітілген ережесіне сай Қор әр қатысушының атынан Тұрғын-Үй Жинақтау Банкінің есеп-шотына 50 пайыз құрайтын бастапқы тұрғын үйге жинақтайтын бірінші жарнасын құяды, ары қарай кейіннен пәтер алуға керекті соманы олар өз бетінше жинай береді.
Бұндай бірегей мүмкіндікпен 23 жасқа болған, жоғарғы білімі және тұрақты жұмысы бар алматылық балалар үйінің түлектері ие бола алады. Бірақ та іріктеу кезеңі өте күрделі. Былтыр бақытты адамдар саны алтау болса, биыл Қордың кеңесі тек екі үміткердің кандидатурасын құптады.
Енді, жинақтау мерзімі – үш жылдан кейін біздің қатысушылар өздерінің өміріндегі ең бірінші қоныстойын өткізетін болады.
Еркін Мейірім Қоғамымен бірлесе 2007 жылы тұсауын кескен «Балаларға өмір сыйла» атты SMS - акциясы бойынша кезекті есептемені…
«Сәби» Қайырымдылық Қорының бес жыл бұрын сынамалы ретінде іске қосылған «Жасөспірімдер» жобасы өзінің нәтижелерін…
Балалар үйлерінің түлектерінің өмірін қиындататын пәтер мәселесі «Сәби» Қайырымдылық Қордың Жасөспірімдер жобасының…