Болашақтағы жеңіске сеніммен

Болашақтағы жеңіске сеніммен Қазақстанның барлық шалғай аудандарында «?лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасын үгіттеп жүргенімізге екі жылдан асты. Қабілетті балаларды іздеп жүрген кезде біз спортпен шұғылданған жас балғындарға көп көңіл бөлеміз. «Сәби» Қайырымдылық Қорының «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасы қоғамдық ұйымдардың тәрбиенушілерін спортқа баулып, олар үшін спорт және ойнау алаңдарын салып немесе жөндеу жұмыстарын ұйымдастырса, «?лем» Бағдарламасы болса әр атлеттің өзіндік талантын ары қарай дамыту үшін ат салысатынын мақсат етіп қоюда.

Аз уақыт бұрын біздің Қордың мекен-жайына Қазақстандағы каратэ-до Шотокан бүкіләлемдік федерациясының өкілінің біраз жетістіктерге жеткен жас жеткіншектердің2012 жылдың қазан айының басында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлем Кубогына қатысуының шығындарын өтеп беру туралы өтініші келіп түсті.
 
Біздің елімізде бұл спорт түрі қарқынды дамымағанының салдарынан айтарлықтай демеушілікке де ие болмай жүр, бұның басты себебі оның олимпиадалық түрге жатпағандығынан да болар.

Қордың басшылығы өз тарапынан бұл өтінішті жан-жақты талқылап, болашақтағы песрпективаны тура көздеп, жас спортсмендерге қолдау көрсетуге шешім қабылдады, өйткені 2019 жылдан бастап каратэ олимпиадалық спорт түріне енгізу туралы жаңалықты біз естен шығармай отырмыз. Кім біледі, бірнеше жылдан кейін халықаралық деңгейде өз қабілетін көрсететін спортсмендерді біз бүгінгі күнде дайындап та қоюмыз мүмкін ғой.

Сонымен қатар, Қордың бұл шешіміне тағы бір ұйытқы болған нәрсе – ол Ташкентке аттанғалы отырған жасөспірімдер талай жылдан бері біз қамқоршы болып жүрген Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиенушілері болып табылады.

Өз тарапымыздан енді балалардың бар күшін салып жарысқа дайындалуына үміт артып отырмыз. Және де күнделікті жаттығудағы төккен маңдай тер жоғарғы жетістікке жеткізіп, турнирдің қазылар алқасының бас сарапшысы болып табылатын «Мықты Уокер», яғни әйгілі Чак Норриспен бетпе-бет танысуға мүмкіндік беретініне нық сенудеміз.

02.08.2012
12.04.2017
"?лем" Бағдарламасы…

Жас дарындарды қолдайтын "?лем" бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар…

«Алем» бағдарламасы
01.03.2017
Жас ақындардың…

«Сәби» Қорымен жарияланған Жетінші ақындар мүшайрасына қатысу үшін сауалнамаларды қазақ тілінде қабылдау жалғасуда.Басты…

«Алем» бағдарламасы
15.02.2017
?зрайльдегі студенттердің…

Жарты жыл бұрын «Сәби» Қоры Назарбаев зияткерлік мектебінің бес түлектеріне ?зрайльдің жоғарлы дейгейдегі компьютерлік…

«Алем» бағдарламасы