«Білім беру» жобасы

«БІЛІМ БЕРУ» ЖОБАСЫ

Жобаның мақсаты:
Алматы қаласында және Қазақстан Республикасының басқа да аумақтарында әлеуметтік мекемелердегі тәрбиеленушілерге және балалар үйінің түлектеріне кейіннен қоғамда бейімделіп кетуіне жағдай жасау

Жобаны жүзеге асыру мерзімдері:
Тұрақты түрде жұмыс істейтін жоба

Мәселені белгілеу:
Жетімдіктің әлеуметтік құбылыс ретіндегі негізі – бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздығы, отбасыларындағы материалдық жағдайдың төмендеуі, дәстүрлердің қирауы, әдептік құндылықтардың құнсыздануы. Жетім балалардың басым бөлігі балалар әлеуметтік мекемелерінде тәрбиеленуде. Уақыт өте келе балалар үйлерінің қабырғасынан тысқа шыққан бозбалаларға не бойжеткендерге социумда бәсекеге қабілетті болу үшін және ересектердің қиын әлемінде өмір сүру үшін өзіне мамандық таңдау қажет болады. Балалар үйлері мен білім беру мекемелерінің педагогтары мен психологтары басты мәселені шешу үшін – қиын өмірлік жағдайларға тап болған жасөспірімге оның осы әлемде кім екендігін сезінуге, өз-өзін тұлға ретінде белгілеуге, өмірде өз орнын табуға және оның құндылығы мен сан-алуандығын ұғынуға көмектесу үшін барлық қолдан келер шаралар қабылдауда. Осы мәселелерді шешу үшін түлектерге қолдау жасаудың көптеген әдістемелері мен мемлекеттік бағдарламалары әзірленген, оларға әлеуметтік бейімделу мәселелерін шешуге, оқу мен жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.
Алайда, бұл мәселенің қиындығы соншалықты, оны қоғам мен мемлекеттің бірлескен әрекеттерінсіз шешу мүмкін емес.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:

1. Бірінші кезең

Міндетті белгілеу:
?леуметтік деңгейі төмен балалар өзінің жаңа бастап келе жатқан өмірінің барысында аса ауыр психологиялық жарақаттар алып, жағымсыз тәжірибеге ие болып отырады. Олардың балалық дүниетанымы өте бұрмаланған болып келеді және тиісті әлеуметтік дағдылар қалыптаспаған. Олар өркениетті қоғамдағы өмір жайлы көп білмейді, алайда оның есесіне өзінде ұзақ уақыт бойы өмір сүрген күрделі ортаның әдеттерімен жақсы таныс. Балалар жетімдер үйіне түскен жағдайда, қалыпты өмір сүруді армандайды, жақсы болуды қалайды және бұл үшін көп нәрсе жасайды. Алайда, балалар үйінен не интернаттан кейін жиі жағдайда жағымсыз ортаға қайтып оралады; кәмелеттік жасқа толған кезде олардың өз бетінше өмір сүру үшін ақшасы жеткілікті болатын жағдайлар да болады, бірақ та олар сол қаражатты лайықты түрде жұмсай алмайды. Толықтай мемлекеттің қамқорлығында болған ұзақ жылдардан кейін кешегі балалар үйінің түлектері көп жағдайда өз бетінше өмір сүруге дайын болмай шығады. Олар өз құқықтарын білмейді және оларды қорғай алмайды, өз бетінше жауапты шешім қабылдап және алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуге қабілеті болмайды.

Шешу жолдары:
1. Шақыртылған мамандардың (дәрігерлердің, психологтардың, діни қайраткерлердің және т.б.) балалар үйілеріндегі жасөспірімдермен кездесулері мен кеңес беруді ұйымдастыру. Мамандардың міндеті түрлі өмірлік жағдайларды үлгілеп және жасөспірімдерге солардан дұрыс шығудың жолдарын үйрету болып табылады. Балғындарды көңіл көтеретін және оқуға баулитын шараларға тартып социумның дәстүрлерімен таныстырады.

2. Балалар үйлерінің қызметкерлеріне (әлеуметтік педагогтарға, психологтарға, тәрбиеленушілерге) арнап олардың балалармен жұмыс жүргізу барысында игерген білімдері мен дағдыларын қолдану мақсатында психологиялық тренингілер мен семинарларды өткізу.

2. Екінші кезең

Міндетті белгілеу:
Жетім балаларға арналған мекемелердің түлектері білім алуды қалайтын барлық жастар тәрізді болашақ мамандығын таңдап, жоғары және арнайы орта оқу мекемелеріне оқуға түсуге дайындалады. Бұл міндет әлеуметтік мекеме түлектерінің көп жағдайда өз мақсатына іс-жүзінде қалай жету керектігін елестете алмайтындығымен қиындай түседі.

Шешудің жолдары:
Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің оқу мекемелеріне сәтті түрде түсуіне арнап бағытталған шаралар. Мұндай шараларға: балалардан психологиялық сауалнама алу, кәсіптік бағыт-бағдар бойынша және оқуға түсу ережелері жайлы әңгімелесулер жатады. Өз күшімен белгілі өмірлік жетістіктерге қол жеткізген қызықты адамдармен кездесулер өткзіліп отырады.

3. Үшінші (негізгі) кезең

Міндетті белгілеу:
Өзіне балалар үйлерінің түлектері жетімдер квотасы бойынша түсетін мемлекеттік колледждерде, КЛ мен КМ-да, әдетте, мамандықтардың тізімі шектеулі болып келеді және жасөспірімнің қалауы мен қабілеттеріне әрдайым сай келе бермейді. Өзі сүймейтін мамандық бойынша оқуға түскен оның жақсы оқуы және оқу мекемесінің қоғамдық өміріне белсенді түрде ат салысуы неғайбыл.

Шешудің жолдары:
Түлектердің колледжерде және жоғары оқу орындарында білім алуы «Сәби» Қорының демеушілік көмегінің есебінен қаржыландыру арқылы балалардың келешек мамандығын, сондай-ақ оқу мекемесін өз бетінше таңдауына мүмкіндік береді, бұл олардың ересек өмірге бұдан арғы уақытта табысты түрде кірігуіне ықпал етеді. Қор оқу мекемесімен келісімшарт жасасады және оқытылушының оқуының төлемақысын толығымен төлейді.

Жобаны қаржыландыру:
Жоба «Сәби» ЖҚҚ КЕҰ-ның қайырымдылық көрсетушілерінің ерікті жарналарының есебінен қаржыландырылады.

Жобаның күтілетін нәтижелері:
Кезіндегі балалар үйлері тәрбиеленушілерінің қазіргі қоғамға олардың әлеуметтік дағдыларға, сондай-ақ лайықты қажетті мамандық алуы арқылы сәтті түрде кірігуі.

БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРҒА ҚАТЫСТЫ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:

Бірінші кезең бойынша:
- 2004, 2005, 2006 жылдары Алматы қ. «Жанұя» мамандандырылған кешенінің тәрбиеленуші қыздарына арнап гинеколог-дәрігермен кездесулер ұйымдастырылған болатын; қыздар жеке басының гигиенасы, әйел денсаулығы, жыныстық тәрбие мәселелері бойынша кеңес алды;
- 2007 жылы №1 Балалар үйі мен Алматы қ. «Жанұя» мамандандырылған кешенінде психологтармен кездесулер болып өтті, мұнда мамандар балалардың қоғамдағы әлеуметтік бейімделуін жеңілдету мақсатында жасөспірімдермен түрлі өмірлік жағдайларды талқылады;
- 2008 және 2009 жылы Алматы қаласындағы жетімдер үйлерінің және интернаттардың ең үздік түлектеріне қайырымдылық шара ретінде бітірушілер кештерін ұйымдастырды. Бұл шара балалардың кейіннен социумның дәстүрлерімен танысқанына, оқуға, спортқа және қоғамдық өмірге талпысын күшейтуге жасалды. Кештерде 9 сыныпты бітірген барлығы 99 түлек қатысты;
- 2009 жылы Алматы қаласында Қазақстанның түрлі аймақтарындағы 9 балалар мекемесінің балалар үйлері мен интернаттарының писхологтары мен әлеуметтік педагогтарына арнап арнайы тренингілер жүргізілді. Жаттықтырушы болып РФ Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызметінің Ресей Академиясының акмеология және кәсіби қызметтің писхологиясы кафедрасының доценті, пғк О.Н.Манолова шықты. Оқуға 25 маман қатысты;
- қараша 2010 – мамыр 2011 – балалар үйлері мен интернаттар оқушыларына психологиялық түзету және әлеуметтік бейімделу бойынша қомақты бағдарлама өтті: жоғарғы білікті тәжірибелі психолог 7 ай бойы Алматы қаласындағы № 1, № 2 және Алматы облысындағы № 1 балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен теоретикалық және практикалық сабақтар өткізді;
- қазан 2012 – Қызылорда қаласындағы Сәбилер Үйінде Мария Монтессори жүйесі бойынша балаларды оқыту және сәбилердің тәрбиесін дамыту бойынша арнайы сынып ашылды, 3 жасқа дейін балаларға арналған жабдықтармен және материалдармен толық қамтамасыздандырылды. Аталған методиканы қолдану үшін осы әлеуметтік мекеменің тәрбиешілеріне бір жыл бойы 4 кезеңнен тұратын семинарлар ұйымдастырылды. Монтессоридің ұстазын Ресей Федерациясының Ревда қаласының Аумақаралық Монтессори Ассоциациясынан шақырылды; бастапқы 1-ші кезеңді жақсы нәтижемен 17 адам өтті;
- сәуір 2013 - Қызылорда қаласындағы Сәбилер Үйінде Мария Монтессори жүйесі бойынша балаларды оқыту және сәбилердің тәрбиесін дамыту бойынша Ресей Федерациясының Ревда қаласының Аумақаралық Монтессори Ассоциациясынан арнайы шақырылған Монтессоридің ұстазының басқаруымен 15 адам тәжірибеден өтті;
- қазан 2014 - Қызылорда қаласындағы Сәбилер Үйінде Мария Монтессори жүйесі бойынша балаларды оқыту және сәбилердің тәрбиесін дамыту бойынша Ресей Федерациясының Ревда қаласының Аумақаралық Монтессори Ассоциациясынан арнайы шақырылған Монтессоридің ұстазының басқаруымен 15 адам үшінші, яғни соңғы тәжірибеден өтті.


Екінші кезең бойынша:
- 2008, 2009 жылдары №1 және №2 Балалар үйлерінде, сондай-ақ Алматы қ. «Жанұя» мамандандырылған кешенінде балалардың бейімділіктерін анықтау және болашақ мамандығын таңдау мақсатында олармен кәсіби бағдар жөніндегі әңгімелесулер және сауалнамалар жүргізілген болатын; әр түрлі кәсіпте жоғары жетістіктерге жеткен адамдармен кездесулер ұйымдастырылды;

- 2010 жылы Алматы қ. № 1, № 2 және Алматы облысының № 1 балалар үйлерінің жоғары сыныптағы тәрбиеленушілерін кәсіптік бейімдеу бойынша компьютерлік тестілердің екі кезеңі (ақпан және қазан айларында) ұйымдастырылды, оған 103 адам қатысты;
- 2010 жылғы желтоқсан айынан бастап 2011 жылғы мамыр айына дейін – Бірыңғай Ұлттық Тестілеуге дайындық жұмыстары жүргізілді. Алматы қаласындағы № 1, № 2 және Алматы облысындағы № 1 балалар үйлерінің түлектері төрт пәннен қосымша сабақтар алып, тестілерді сәттілікпен өткізді;

- 2011 жылдың ақпан және қазан айларында біздің қарамағымыздағы балалар үйлерінің 9-шы және 11-ші сынып оқушыларынан тұратын 107 балаға жыл сайын өткізілетін кезекті мамандырылған тестілеу өткізілді;
- 2011 жылғы қыркүйектен бастап 2012 жылғы мамырға дейін біздің қарамағымыздағы балалар үйлерінің 11-ші сынып оқушылары ҰБТ-ге дайындық курстарын өтті;

- 2012 жылдың ақпан және қазан айларында біздің қарамағымыздағы әлеуметтік балалар мекемелерінің оқушыларынан тұратын 70 балаға дәстүрлі кезекті мамандырылған тестілеу өткізілді;
- 2012 жылғы қазаннан бастап 2013 жылғы мамырға дейін Алматы қаласындағы және облысындағы біздің қарамағымыздағы балалар үйлерінің 11-ші сынып оқушылары ҰБТ-ге дайындық курстарын өтті;

- 2013 жылдың ақпан және қазан айларында біздің қарамағымыздағы әлеуметтік балалар мекемелерінің оқушыларынан тұратын 120 балаға дәстүрлі кезекті мамандырылған тестілеу өткізілді;
- 2013 жылғы қазаннан бастап 2014 жылдың мамырға дейін Алматы қаласындағы және облысындағы біздің қарамағымыздағы балалар үйлерінің 11-ші сынып 8 оқушылары 8 айлық ҰБТ-ге дайындық курстарына кірісті;

- 2014 жылдың ақпан және қазан айларында біздің қарамағымыздағы әлеуметтік балалар мекемелерінің оқушыларынан тұратын 88 балаға дәстүрлі кезекті мамандырылған тестілеу өткізілді;
- 2014 жылғы қазаннан бастап 2015 жылдың мамырға дейін Алматы қаласындағы және облысындағы біздің қарамағымыздағы балалар үйлерінің және мектеп-интернаттан 11-ші сынып 10 оқушылары 8 айлық ҰБТ-ге дайындық курстарына кірісті;
- желтоқсан 2014 – Алматы қаласы және Алматы облысындағы орналасқан әлеуметтік мекемелеріне 15 данадан «Балдырған» журналын және «Ұлан» газетіне жазылу тіркелді;

- 2015 жылдың ақпан және қазан айында біздің қарамағымыздағы әлеуметтік балалар мекемелерінің оқушыларынан тұратын 20 балаға дәстүрлі кезекті мамандырылған тестілеу өткізілді. Осы жолы тексеру Санкт-Петербург гуманитарды кәсіби одақтар университетінің Алматы қаласындағы филиалында өтті;
- желтоқсан 2015 – Алматы қаласы және Алматы облысындағы орналасқан әлеуметтік мекемелеріне «Балдырған» журналын және «Ұлан» газетіне жазылу тіркелді;

- 2016 жылдың наурыз және қазан айында біздің қарамағымыздағы әлеуметтік балалар мекемелерінің оқушыларынан тұратын 82 балаға дәстүрлі кезекті мамандырылған тестілеу өткізілді. Тексеру Санкт-Петербург гуманитарды кәсіби одақтар университетінің Алматы қаласындағы филиалында өтті;
- 2016 жылғы қазаннан бастап 2016 жылдың мамырға дейін Алматы қаласындағы және облысындағы біздің қарамағымыздағы балалар үйлерінің және мектеп-интернаттан 11-ші сынып 10 оқушылары 8 айлық ҰБТ-ге дайындық курстарына кірісті.

- 2017 жылғы қазан, интернаттың жоғарғы сыныбында оқитын 16 оқушыға ҰБТ бойынша дайындық курстары ұйымдастырылды.

Үшінші (негізгі) кезең бойынша:
- білім беру жобасын жүзеге асыру уақыты бойы жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған 69 бала оқытылып және мамандық алды;
- қазіргі уақытта арнайы орта және жоғары оқу мекемелерінде еліміздің Алматы қ. мен облыстық балалар үйлері мен интернаттарынан шыққан 9 жасөспірім оқытылуда;.
- 2017 жылғы қыркүйек, 1 білім гранты бөлінді.

Елеулі кезеңдер:
Жоба 15 жыл бойы іске асырылып келе жатыр, Қазақстанның 5 қаласынан 10 әлеуметтік балалар мекемелері қомқорлыққа алынды, барлық тәрбиеленушілер саны – 1400 адам құрайды.

05.06.2010
29.03.2017
Кәсіби тестілеу 2016-2017, 2-ші…

Көктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім…

«Білім беру» бағдарламасы
02.11.2016
Кәсіби тестілеу 2016- 2017, 1…

Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін кәсіби бағытта тестілеу әлемде кең қолданылады. Сондай-ақ бұндай…

«Білім беру» бағдарламасы
19.10.2016
Жаңа үлгідегі ҰБТ-ға жаңа…

Қазақстанда 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту үлгісі өзгереді. Енді ҰБТ екі кезеңде өткізіледі. Мектептерде…

«Білім беру» бағдарламасы