Домбыра-Дастан» гала-концерті

Бүгін Алматы қаласында І республикалық балалар мен жасөспірімдер «Домбыра-Дастан» атты домбырашылар байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған гала-концерті өтті.

Мерекелік іс-шара Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен залында өтті, кеш бойы қонақтар үшін Құрманғазы ат. қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Қоюшы режиссері – Қордың үлкен досы, белгілі композитор Ренат Гайсин болды.

Байқауда құрметті қонақ ретінде мемлекет және қоғам қайраткері, меценат, саяси ғылымдар докторы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов болды.

«Сәби» Қорының президенті Әсел Тасмағамбетова құттықтау сөз сөйледі: ««Домбыра-Дастан» байқауының негізгі мақсаты – жеті түрлі күй мектебін дәріптеу және жас дарындарды ашу болып табылады.

Биыл Сәби Қоры өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде біз түрлі бағдарламалар мен іс-шаралар аясында 1200-ден астам жас таланттарды қолдадық.
Мен осындай бастамалардың арқасында болашақта еліміздің имиджін көтеріп, Қазақстанды бүкіл әлемге танытатын әртістер пайда болатынына үлкен үміт артамын.

Бүгінгі финалистер арасында Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев және Қаршыға Ахмедияров сияқты ұлы күйшілердің лайықты ізбасарлары бар екеніне сенімдімін».

Консерватория сахнасынан белгілі домбырашылар мен күйшілер Секен Тұрысбеков, Абылай Тілепберген, Айгүл Үлкенбаева, Салтанат Құдайбергенова, Асылбек Еңсепов, Нұркен Әшіров, Танат Сәденовтің орындауында, еңбек сіңірген дирижер және композитор Айтқали Жайымовтың жетекшілігімен қазақтың ұлы күйлері шырқалды.

Музыканттар «Күй-тартыс» қойылымы кезінде аспапты асқан шеберлікпен игергендерін көрсетті.  

Халықаралық байқаулардың лауреаты Ержан Максим қонақтар үшін арнайы «Домбыра туралы баллада» композициясымен өнерін көрсетті.

Сонымен, байқау жеңімпаздары:

Кіші топ:

Гран-при және 8 миллион теңге көлеміндегі грант – Даулетбай Аяна.

1 орын және 6 миллион теңге көлеміндегі грант – Сәрсенғазы Айтұмар, 2 орын және 4 миллион теңге көлеміндегі грант – Әліпбек Дарын, 3 орын және 1 миллион теңге көлеміндегі гранттар Тукулов Азамат және Құрманжан Әсетке бұйырды.

Үлкен топ:

Гран-при және 8 миллион теңге көлеміндегі грант – Сағатбек Нұрдаулет.

1 орын және 6 миллион теңге көлеміндегі грант – Жанатбек Бақдаулет, 2 орын және 4 миллион теңге көлеміндегі грант – Әбдіжәли Бекнұр, 3 орын және 2 миллион теңге көлеміндегі грант – Саят Нұрали.

Жас домбырашыларды жеңісімен құттықтаймыз және келешекте зор шығармашылық жолды тілейміз!

22.05.2022
19.07.2022
Биенналедегі Қазақстанның…

«Сәби» қоры қазіргі заманғы өнер саласындағы әлемдегі ең беделді шара – Венеция биенналесінде Қазақстанның бірінші…

Жаңалықтар
27.05.2022
«Домбыра-Дастан»…

Бүгін Қазақстанның дарынды музыканттарын қолдау мақсатында «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова…

Жаңалықтар
23.05.2022
Saby cases. 20 years edition / «Сәби»…

Достар, біз «Сәби» қорының 20 жылдығына орай Alma Cases брендімен бірге соңғы iPhone үлгілеріне арналған тысқаптардың жаңа…

Жаңалықтар