Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…
Қымбатты достар, бүгін біздің Қорымыздың туған күні! Біз 18 жылдық мерекемізді атап өтудеміз! Бұл мақтануға тұрарлық және жұмысымыздың жемісін көріп жүрген мерзім. Осындай тәжірибеге толы жылдармен кез-келген компания мақтана алмайды, әсіресе коммерциялық емес ұйымдар туралы айтатын болсақ. Осы жылдар ішінде біздің қор жұмыс істеп, өсіп, дамып келе жатқанын және біздің жобаларымыз жылдан жылға кеңейіп, жүйелі түрде қалыптасып келе жатқанын мақтан тұтамыз.
18 жылдық белсенді және үздіксіз қызмет ету кезеңінде Қор ұлттық маңызы бар өзінің 10 ерекше бағдарламасын әзірлеп, іске қосты. Әр бағдарламада біз бенефициарларға кәсіби қолдау көрсете отырып, кешенді тәсілді қолданамыз.
Мұның бәрі біздің басшымыз Әсел Тасмағамбетова болмаса мүмкін болмас еді. Оның сезімтал, сауатты және парасатты басшылығымен біз осы жылдар бойына алға жылжып, жаңа белестерге қол жеткіздік.
Біздің Қорға табысты жұмыс және ең батыл мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруды тілейміз! Әр күн қызықты, жемісті және жақсылыққа, жасампаздыққа жетуге бағытталған болсын!
Туған күніңмен, «Сәбиім»!
Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…
«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…
2015 жылы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) ресми жүзеге асырылғанға дейін, Қор қызметі мейірімділік, сапалы білім беру,…