«Сәби» қоры Сбербанк Онлайн қосымшасында пайда болды

Біз барлық достарымызға, оқырмандарымызға және серіктестерімізге «Сәби» Қоры Сбербанк Онлайн қосымшасында пайда болғанын хабарлауға қуаныштымыз. Енді Сбербанктің карточкаларын ұстаушылар тез және оңай біздің қорға қайырымдылық жасай алады. Әрекеттер алгоритмі келесідей:

1. sberbank.kz веб-сайтын немесе Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасын ашыңыз.

2. «Төлемдер» бөліміне өтіңіз.

3. Содан кейін «Қайырымдылық» санатына өтіп, «Сәби» қайырымдылық қорын таңдаңыз.

4. Қайырымдылық сомасын енгізіп, аударымды бір реттік SMS-кодпен растаңыз.

Біздің пайдамызға аударылған кез-келген сомаға ризамыз.

Бізге қамқор адамдардан келетін қайырымдылықтарды, әдетте, қор мұқтаж жандарға атаулы көмек көрсетуге бағыттайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ақтау қаласында балалар жедел хирургиясының құрылысына қаражат жинау ашық.

Қордың сайтында «Қолдау көрсету» бөлімінде біздің қорды қолдаудың тағы 7 әдісін таба аласыз. Қайырымдылыққа қатысқандарыңыз үшін әрқайсыңызға алғыс айтамыз.

15.02.2021
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар