ҰБТ-2021. «Білім беру бағдарламасының» нәтижелері

Қазақстанда тамыздың екінші жартысы білім беру ұйымдарына талапкерлерді қабылдауға қатысты жаңалықтар мен әурелерге толы.

Біз өз кезегімізде «Сәби» қоры ұйымдастырған ҰБТ-ға дайындық бойынша сабақтарға барған балалардың жақсы нәтижелерімен бөлісуге қуаныштымыз.

Биылғы оқу жылында Алматы облыстық А. И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаттың түлектері онлайн түрде тестке дайындалды.  Карантин кезінде туындаған қиындықтарға қарамастан, балалар өз қорқыныштары мен уайымдарын жеңе білді, 11 жоғары сынып оқушыларының 10-ы өту баллдарын алды, олардың 8-і Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан ЖОО-на грантқа қабылданды. ҰБТ негізінде біздің түлектердің орташа баллы 89 болды.

Біздің Қордың бенефициары және 6-сыныптан бастап біз ұйымдастырған математикалық курстардың қарқынды қатысушысы болып табылатын, дарынды – Әлібай Әкежанды атап өткіміз келіп отыр. Әкежан 138 балл алып, керемет нәтижемен Astana IT University-не «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығы бойынша оқуға түсті.

Барлық түлектерді біз шын жүректер құттықтап және барлықтарына жақсы оқу мен көптеген жаңа ашылулар тілейміз!

 

20.08.2021
01.10.2021
ХІ Ақындар сайысының…

«Саби» Қайырымдылық қоры жыл сайын ұйымдастыратын Ақындар мүшайрасының қорытындысымен қуана…

«Білім беру» бағдарламасы
24.06.2021
Ақындар сайысына қатысуға…

Біз «Сәби» қорының  жас ақындар байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартқандығы туралы хабарлауға…

«Білім беру» бағдарламасы
27.01.2021
"Сәби" Қорының XI Ақындар…

«Сәби» қайырымдылық қоры жастар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде XI Ақындар сайысы басталғаны…

«Білім беру» бағдарламасы