Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
2015 жылы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) ресми жүзеге асырылғанға дейін, Қор қызметі мейірімділік, сапалы білім беру, медицинаны дамыту, әлеуметтік аз қамтылғандарға көмек көрсету, ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық мәселелерді шешу қағидаттарына негізделді.
«Сәби» Қорының президенті Әсел Тасмағамбетова ұзақ жылдар бойы БҰҰ-ның ТДМ-ды жүйелі түрде қолдап, жүзеге асырып келеді.
Әсел Тасмағамбетова негізін қалаған Орталық Азиялық қоршаған ортаны зерттеу институтында (CAIER) Қазақстанның іскер топтарының жетекші өкілдері, БҰҰ серіктестері мен Жаһандық шарт мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, БҰҰ-ның Елдік тобының өкілдері қатысқан іс-шара өтті.
Сарапшылар Қазақстандағы тұрақты бизнес тәжірибесінің нұсқаларын зерттеді, БҰҰ-мен іскерлік ынтымақтастық нысандарын, оның ішінде Жаһандық шартқа қосылу жолын талқылады.
«Сәби Қорының 20 жылдық жұмысы және CAIER қызметінің 10 жылы ішінде біз ТДМ қағидаларына сәйкес келетін жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырдық.
Қор Қазақстан аймақтарында салған балаларға арналған шұғыл ота жасау бөлімдері №3 ТДМ-ға сәйкес келеді, «Өз ісіңді баста» жас кәсіпкерлерді қолдау байқауы №8 ТДМ, мүмкінділігі шектеулі адамдарға арналған «Инватакси» жобасы және Ақтөбе қаласындағы «Мейірім» Жастарды үйінің құрылысы №10 ТДМ бойынша жүзеге асырылды. Білім беру жобалары (жас дарындарды қолдау «Әлем» бағдарламасы, робототехника орталықтары, мектеп құрылысы) № 4 ТДМ қағидаларын айқын көрсетеді. «Сәби» Қорының жұмысы барысында №1, 2, 7 және т.б. ТДМ-ға сәйкес келетін көптеген жобалар ұйымдастырылды.
Тәжірибе көрсеткендей, тек қайырымдылықта ғана емес, бизнесте де ТДМ талаптарын сақтау қазіргі уақытта кәсіпкерлер үшін тиімді болып келе жатқанын атап өту керек. Мәселен, көптеген тау-кен және мұнай өңдеуші кәсіпорындар үшін қалдықтарды өңдеу мәселесі өткір мәселе болып тұр, бұл R&D зертханасын дамыту қажеттілігін білдіреді.
CAIER өзінің R&D зертханасы арқылы мұнаймен ластанған топырақтан құрылыс материалдарын алу технологиясын әзірледі. Бұл технологияны қолдану № 12 ТДМ (Жауапты тұтыну және өндіріс) сәйкес келеді. Қазіргі таңда Қазақстанның тұтыну көрсеткіштері тым артып кетті», - деп «Сәби» Қорының президенті Әсел Тасмағамбетова өз жобалары туралы мәліметтермен ой бөлісті.
Сондай-ақ Әсел Тасмағамбетова CAIER халықаралық жетекші ғалымдармен бірге ұзақ жылдар бойы жүргізіп келе жатқан негізгі жобаларының бірі – Каспий теңізінің бүкіл экожүйесінің белгісі болып табылатын бірегей жануар – Каспий итбалығын сақтау жобасы туралы айтып өтті. Каспий итбалығын қорғау жобасы «Тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану» №14 ТДМ-ға сәйкес келеді.
Сонымен қатар, институт Қазақстанда алғашқылардың бірі болып халықаралық экологиялық стандартқа (LEED) сәйкес келетін ғимараттардың құрылысын бастады. Институттың ғимараты өзі баламалы энергия көздерін белсенді түрде пайдалануда, сонымен қатар жаңбыр суы бойынша ауқымды жоба іске қосылды.
Халықаралық стандарттарға сәйкес жүйелі даму стратегиясын ұстана отырып, CAIER 2022 жылдың желтоқсанында БҰҰ Жаһандық шартының мүшесі болды.
Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…
Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…