Арианнаның аяқтан тік тұруына асар шақырамыз

Бірнеше күн бұрын «Сәби» Қорының мекен-жайына кішкентай алматылыққа көмек көрсету туралы хабарлама түсті. Хатты зейінмен қарастырған сәтте, біз он жыл бұрын жас Царевтар жанұясында сүйкімді қыздің дүниеuе келгенін білдік, атына заты сай болғандай есімін Арианна деп қойыпты. Бүлдіршін денсаулығы жақсы, ақыл-ойы дамыған және өте белсенді болып өсті. Жаздың бір жарқын күнінде, табиғат аясында ойнап жүрген кезінде 4 жастағы Арианнаны кене шағып алады. Ата-анасы уақытылы емханаға апарғанымен, дәл сол сәтте энцефалит вирусы анықталмай қойған болатын. 

Содан бері Царевтардың өмірлік кезеңі сол қатерлі күнге дейінгі бақытты шақ пен кейінгі арпалыс жылдар болып екіге шағылды. Арасына бір жыл салып барып, дәрігерлер ақтық –энтеровирус этиологиясының салдарынан ми қабынуы (энецефалит) диагнозын қойды. Туған-туысқандардың басына түскен қиыншылық жентек қардай домалап, мерзім өткен сайын ауырлай түсті, бұндай қатер мезгілмен инфекцияны анықталмағанының салдарынан туылып отыр еді. Ал күнде қиналып жүрген кішкентай қыз, кейіннен өздігінен жүре де, сөйлей де алмай, көз жанарынан айырылып барады. 

Алты жыл бойы бұл дертке беріліспей күрескен жанұяның барлық қаражаты таусылып, мүліктері де сатылып бітті. Психологиялық сынақты көтере алмаған жұпқа айырылысуға тура келді. Жалғыз басты ана енді шығындарды өтеуіне шамасы келмей қажып кетті. 

Біздің Қор Арианның тағдырына немқұрайлықпен қарауға мұршасы болмады. Нысаналы жобалар бойынша жұмыс атқарып жүргенмен де, бізде атаулы көмек жасалмайтын болатын, бірақ та «Сәбидің» басшылығы қалпына келтіретін ем-домның бір кезеңіне жететін қаржыны бөлуге шешім қабылдады. 

Біз өз тарапымыздан қайратты анаға рухын түсірмей, барлық күш-жігерін жинап бұл қиыншылықты жеңуге тілек айтамыз. 

Егер де, оқырман арасында кішкентай Арианнаға көмек көрсеткісі келетіндер болса, төменде көрсетілген банктік шоттың нөмірін жазып отырмыз, немесе сайтта көрсетілген байланыс телефондары бойынша біздің жұмыскерлермен хабарласуыңызға болады. 

Теңге арқылы жіберетін болсаңыз:
Бенефициар: Царева Татьяна Владимировна
Бенефициардың СТН: 600318744309
шот нөмірі: KZ786010002004093418 
Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 
Б?К HSBKKZKX
Банктің СТН: 600400055239
Банктің Б?Н: 960941000145

Валютамен жіберетін болсаңыз (USD):
Бенефициар: Царева Татьяна Владимировна
Бенефициардың СТН: 600318744309
Шот-нөмірі: КZ10722R000023340434
Банк аталуы: АО «KASPI BANK»
Б?К CASPKZKA

18.09.2012
15.11.2024
Атаулы көмек бойынша есеп…

Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…

Арнаулы көмек
21.08.2024
"Сәби" Қоры Түркістан…

"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап…

Арнаулы көмек
29.07.2024
Атаулы көмек бойынша есеп…

Негізгі жобалар мен мақсаттардан бөлек, біздің Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған - ауыр сырқаттар мен мүгедектікке…

Арнаулы көмек