Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Жұма күні француздық Dior сауда белгісі Қазақстанда бес жыл бұрын жұмысын бастағанын атап өтті.
Бірінші мерейтойына орай, кешке қонақтар шақырылып, біздің Қордың пайдасына қайырымдылық аукцион ұйымдастырылды. Dior-дың бас кеңсесі «Сәби»-дің ұзақ мерзімді әлеуметтік жұмысын жоғары бағалап және еліміздің көптеген қайырымдылық ұйымдарының арасынан аса ұқыптылықпен таңдап алып, аукционда барлық жиналған қаражатты бізге тапсырды. Dior-дың арнайы өкілі біз жайлы: «Сәби»-дің ұстанған бағдарламары басқа қорлармен салыстырғанда ауқымды да игілі болып табылады», деп атап өтті.
Әр-түрлі заттармен бірге, сән үйінің басшылары мен дизайнерлері туралы,бірегей қалың кітаптар, сондай-ақ танымал суретші-визуалдаушы Фридрих Кунатпен бірлесіп жасалған сирек Lady Dior Art атты сөмкесі бәсекеге салып сатылды.
Кеш соңында ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 26 млн. 400 мың теңгені құрады. Барлық қаржы № 2 Алматы қалалық клиникалық балалар ауруханасының төтенше хирургия бөлімінің ұйымдастыру үшін біздің Қор арқылы бағытталады. Қазіргі уақытта қалада қол жетімді балалар хирургиясы жедел көмек көрсетудің қажетті көлемін қамтамасыз ете алмайтын жағдайда болып отыр. Ендігі жаңадан салынған операциялық блок жоғары сапалы, шұғыл медициналық және реабилитациялық көмек көрсететін болады.
Біз өз тарапымыздан Dior-ға шын жүректен алғысымызды айтамыз және мерейтойымен құттықтаймыз!
Аукционның барлық қатысушылары мен осы әдемі кеш қонақтары үшін ерекше алғысымызды білдіреміз!
Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…
Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…