«Сабиге» берген қайырымдық үшін рахмет

Біздің тұрақты оқырмандарымыз «Саби» қоры ауқымды жобаларды жүзеге асыратындығын, ірі әлеуметтік нысандарды салып, жабдықтайтынын және өзінің республикалық маңызы бар бағдарламалары бойынша жұмыс жасайтындығын біледі.

Алайда қайырымдылық сонымен бірге атаулы көмек екенін де ұмытпау керек. Біз мүмкіндігінше мұқтаж жандарды қолдау үшін қаражат жинауға тырысамыз, өйткені  олардан күнделікті сұраныстар келіп түсуде. Құрметті достар, сіздердің kaspi.kz қосымшасына, Халық банкінің картасына, PayBox арқылы онлайн аударымдар және басқа жолдар арқылы біздің банктік шотқа түскен жарналардың арқасында мүгедектер арналған арбалар мен вертикализаторлады сатып алуға, оңалту курстарына ақы төлеуге, балаларды мектепке жинауға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына жылы киім сатып алуға, сонымен қатар түрлі қайырымдылық акцияларын өткізуге және басқа да көптеген игі істерге қатысуға мүмкіндік береді.

Біз қайырымдылыққа қатысқан барлық абзал жандарға шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің ықыластарыңыз бен қолдауларыңыз үшін рахмет!

Қорға қайырымдылық көмекті осы жерден жасай аласыз:​ https://saby.kz/kk/info-pages/want-to-help

 

18.05.2020
20.09.2024
Атырау облысының…

Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…

Жаңалықтар
06.09.2024
"Сәби" қайырымдылық қоры…

Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…

Жаңалықтар
06.09.2024
Жаңа бронхоскоптың…

Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне  арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…

Жаңалықтар