Еркін Мейірім Қоғамымен бірлесе 2007 жылы тұсауын кескен «Балаларға өмір сыйла» атты SMS - акциясы бойынша кезекті есептемені…
Алдында біз хабарлап өткендей, 2011 жылы «Сәби» Қорымен мемлекеттік әлеуметтік мекемелерінің түлектерінің арасындағы екпінді және болашағы зор жастарды қолдау үшін «Жасөспірімдер» жобасы бастау алған болатын. Жобаның басты мақсаты - жетімдер ішіндегі алдын ала сұрыптап алынған қатысушыларға жеке меншік баспанаға қол жеткізуге көмек көрсету болып табылады. Үстіміздегі жылда Алматы қаласының «Жастар Үйі» мемлекеттік мекеменің тәрбиеленушілері - үш бозбала мен үш бойжеткеннің жолы болды.
Шілде мен тамыз айларында «Сәби» Қоры мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы барлық балалармен тұрғын үй жинақтау бойынша үш жақты келісімшарттар жасады. Қажетті құжаттарды дайындап, алтауына жеке шоттар ашып, біздің Қор қайырылымдылық көмек ретінде олар үшін әр келісімшартқа 50 % көлемінде бастапқы жарнасын төледі. Бұл шартты орындағаннан кейін және жоба қатысушыларының ай сайынғы салымдарының арқасында, үш жылдан кейін олар жиналған қаражатты қолданып, төменгі пайыз ставкалармен қарыз ресімдеп, өз өміріндегі бірінші жеке меншік пәтерлеріне қоныстануға мүмкіндік беретін болады.
Еркін Мейірім Қоғамымен бірлесе 2007 жылы тұсауын кескен «Балаларға өмір сыйла» атты SMS - акциясы бойынша кезекті есептемені…
«Сәби» Қайырымдылық Қорының бес жыл бұрын сынамалы ретінде іске қосылған «Жасөспірімдер» жобасы өзінің нәтижелерін…
Балалар үйлерінің түлектерінің өмірін қиындататын пәтер мәселесі «Сәби» Қайырымдылық Қордың Жасөспірімдер жобасының…