«Жасөспірімдер» жобасы – жаңаша биіктерге қадам басу

«Жасөспірімдер» жобасы – жаңаша биіктерге қадам басу Біздің «Сәби» сайтының беттерінде баяндап отырған әрбір оқиға және соның артында тұрған орындалған не жоспарланған іс-шараның Қор үшін маңызы зор. Біз жобаларды маңыздылығы бойынша бір-бірінен бөлмейміз, және біздің соларды жүзеге асыру барысында қабылдап отырған қадамдарымыздың барлығы біз үшін қымбат. Дегенмен де жаңа жобалардың басталғаны жайлы ерекше қуанышпен хабарлап отырамыз, себебі олар көптеген айлар, тіпті жылдар бойы ұзақ және тыңғылықты даярлану шараларының нәтижесі болып табылады.

Бүгінде біз өзіміздің жаңа – «Жасөспірімдер» жобасын іске қосқанымыз жайлы хабарлаймыз. Ол балалар үйі түлектерін азаматтық қоғамға ықпалдасуы мәселелерін шешу мақсатында әзірленген. Қазіргі уақытта балалар үйлерінің түлектері 1997 жылдың 16 сәуіріндегі ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алудың жеңілдіктеріне ие болғанымен іс-жүзінде бұл тұрғын үйді сол ала алмаған күйінде қалып отыр, себебі халықтың өзге әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған аз қамтылған топтарымен бір кезекте тұр.

Соған орай, «Жасөспірім» жобасы шеңберінде «Сәби» Қайырымдылық Қоры жетім -жастарға жеңілдік шарттарымен өз тұрғын үйін сатып алудың күрделі мәселесі бойынша жәрдем көрсету мүмкіндігін қарастырып отыр. Бұл жағдайда мынадай шарт принципиалды болып табылады: бұл «қайырымдылық жасаушы беріп – қайырымдылық көруші алды» деген үйреншікті сұлба болмай, алушы соған ұзақ уақыт бойы және қажырлы еңбегімен қол жеткізуі тиіс. Мысалы, тұрғын үй алуға 23 жасқа толған, жоғары білімі бар және қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген панасыз жетімдер ғана үміткер бола алады. Мұндай жүйе Жетімдер үйінің түлегін көптеген жылдар бойы өмірін құруға деген жан-жақты ойластырылған және жауапты көзқарасын қалыптастыра отырып, бар жігерімен еңбек етуге, ойлауға мәжбүр етеді. Аталмыш концепцияға сәйкес жетімдер үшін тұрғын үйге қол жеткізудің барынша шынайы нұсқасы «Сәби» қорының, Тұрғын үй алушы мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның үш жақтан бірлескен қызметі болып отыр.

Ынтымақтастықтың мұндай әдісі өте сындарлы болып табылады. Ол жастарға Жасөспірімдер үйінің түлегі өз бетінше жинай алмайтын бастапқы жарнаны, әдетте, өте ірі соманы алу мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар, содан кейінгі қаржылай төлемдер өзінің қалыпты болуына орай оның бюджетіне сондай бір елеулі жағымсыз әсерін тигізе қоймайды. Оған қоса, банкі мен қормен ақырғы есеп айырысуды ол өзінің меншікті тұрғын үйінде тұрып жатып, отбасын құрып, өзінің әл-ауқатын арттырып үлгерген күйінде жүзеге асыруы мүмкін, бұл несиегерлермен есеп айырысуды жылдамдатуы мүмкін. 2011 жылғы жобаға қатысуға арнап Алматы қ. Жасөсөпірімдер үйі түлектерінің арасынан 7

«Жасөсөпірімдер» жобасы жайлы толығырақ түрде осы жерден білуге болады

24.06.2011
26.10.2016
Өмірлік маңызы бар жоба

Еркін Мейірім Қоғамымен бірлесе 2007 жылы тұсауын кескен «Балаларға өмір сыйла» атты SMS - акциясы бойынша кезекті есептемені…

«Жасөспірімдер» бағдарламасы
15.07.2016
«Жасөспірімдер» жобасы –…

«Сәби» Қайырымдылық Қорының бес жыл бұрын сынамалы ретінде іске қосылған «Жасөспірімдер» жобасы өзінің нәтижелерін…

«Жасөспірімдер» бағдарламасы
27.01.2016
Пәтер мәселесінің шешімі

Балалар үйлерінің түлектерінің өмірін қиындататын пәтер мәселесі «Сәби» Қайырымдылық Қордың Жасөспірімдер жобасының…

«Жасөспірімдер» бағдарламасы