Бесінші ақындар мүшайрасының қорытындысы

Бесінші ақындар мүшайрасының қорытындысы Жыл сайын мелекеттік тілде өткізіліп отыратын ақындар мүшайрасының қортындысын «Сәби» Қоры бесінші рет жариялайды!

Бұл жылы ақындық қабілетін Қазақстанның бірнеше аумағының жас дарындар сынап көргісі келді. Өтінімдердің көбісі Қызылорда, Атырау, Астана және Шымкент қалаларынан. Қатысушылардың жасы 11-ден 17-ге дейін болды. Жас ақындарымыз өздерінің өлеңдерінде туған елі туралы және табиғат пен махаббатқа деген сезімін көрсетті.

Сонымен 2015 жылғы Бесінші ақындар мүшайрасының басты жүлдесінің иегері болып Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан селосының № 24 орта мектебінің оқушысы 12 жасар – Жаулыбай Нурбек атанды.

Шын жүректен құттықтай отырып, жеңімпазға басты жүлде ретінде ноутбук сыйға тартамыз! Нурбекке табыс тілейміз және де өзінің шығармашылық қабілетін одан ары жетілдіре берсін дегіміз келеді.

Жаулыбай Нурбек

Қазағыма Ұлы Абай бұйырған күн!


Желсіз түнде жарық ай жарқ еткенде
Сәулесі су бетінде дір етті ме?
Қалың ағаш жапырағы сыбдырласып;
Қуанды ма сәби үні шыр еткенде?
Кең далам қызғалдақтап жайнады ма?
Жаңбыр жауып жердің бетін шайғанында
Бір бұлбұл қазағыма бұйырды деп
Дала құсы қуаныштан сайрады ма?
Ұлы дала дауылдатып ән салды ма?
Азандаттып атын атап қарсы алды ма?
Үш қайтара «?браһим» деп жарысқандай
Жаңғырып биік таулар жар салды ма?
Табиғат көп күткеннен күрсінді ме?
Ұлы ақынның келгенін түсінді ме?
Жер ана бар тектінің жиынтығын
Абай етіп қазағыма ұсынды ма ?
Ақын ба Абайымды жырламаған,
Бесігінен жырларын тыңдамаған
Қазағыммен Абайым- ұғым егіз!
Абайменен мақтанамын-тыңда ғалам!
Бар әлемге танытқан қазағымды,
Қалпына қойып берді нағыз жырды!
Татьянаны қазақша сөйлеткенде
Сөйлетейік өзге тілде абызымды!
Абай жырын әлемге таныттық па?
Қазаққа тектілікті дарыттық па?
Абайды оқымаған қазақ емес!
Абай шырақ жол сілтеген тек жарыққа!

17.06.2015
12.04.2017
"?лем" Бағдарламасы…

Жас дарындарды қолдайтын "?лем" бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар…

«Алем» бағдарламасы
01.03.2017
Жас ақындардың…

«Сәби» Қорымен жарияланған Жетінші ақындар мүшайрасына қатысу үшін сауалнамаларды қазақ тілінде қабылдау жалғасуда.Басты…

«Алем» бағдарламасы
15.02.2017
?зрайльдегі студенттердің…

Жарты жыл бұрын «Сәби» Қоры Назарбаев зияткерлік мектебінің бес түлектеріне ?зрайльдің жоғарлы дейгейдегі компьютерлік…

«Алем» бағдарламасы