Мақсаткерлердің болашағы өз қолында

Мақсаткерлердің болашағы өз қолында Кәсіпқой спорттың мансабын игеру – қандай да бір спортпен шұғылданып жүрген әр жасөспірімінің аңсаған арманы болып табылады. Орасан зор еңбек пен өзін өзі қатал тәрбиелеудің арқасында жеткен медальдардың жарқылы, жанкүйерлердің шаттыққа толы көздері және материалды табысқа жету – кәсіби спортшының өмірінің бір кескіні ретінде көзімізге елестете аламыз.

Алайда, қазіргі қилы заманда, спорттық киімдер мен бұйымдарды алып беруге, жарыстарға қатысу үшін шыққан шығындарды өтеуге және секциялар мен үйірмелерге балаларын жіберуге көптеген ата-аналардың қалталары көтермегендіктен, ал сондай орындарға тегін қатысуға мұрша болмағандықтан жас буындардың дене тәрбиесін дамыту мәселесі, бүгінгі күндегі қоғамда көкейкесті сұрақтардың бірі болып табылады.

Оның үстіне, таза ауада шынығып ойнаудың орнына көптеген балалар компьютерлік жарыстарды және интертпен қатынасуды балама ретінде жөн көретін болды. Дәрігерлер мен ұстаздар бұрыннан бері осы жай бойынша дабыл қаққан болатын, алайда бұл жағдайды түбінен жөндеуге әлі мүмкіндік болмай тұр.

«Сәби» Қайырылымдылық Қоры шынай көңілмен спортпен шұғылданып және сонымен қатар оны өмірінің кәсібіне айналдырғысы келген балаларға өзінің дара жас дарындарды қолдау «?лем» Бағдарламасын ұсынып отыр. Біздің Бағдарламаның қазылар алқасы қатарында тұратын беделді спортшылардың назарына іліккіңіз келсе, біріншіден сауалнаманы толтырып жіберуіңіз керек. Келешекте мол үміт күттіретін жас дарындар міндетті түрде біздің қолдауға ие болады. Болашақ чемпиондар, біз сіздерді асыға күтеміз!

28.03.2012
12.04.2017
"?лем" Бағдарламасы…

Жас дарындарды қолдайтын "?лем" бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар…

«Алем» бағдарламасы
01.03.2017
Жас ақындардың…

«Сәби» Қорымен жарияланған Жетінші ақындар мүшайрасына қатысу үшін сауалнамаларды қазақ тілінде қабылдау жалғасуда.Басты…

«Алем» бағдарламасы
15.02.2017
?зрайльдегі студенттердің…

Жарты жыл бұрын «Сәби» Қоры Назарбаев зияткерлік мектебінің бес түлектеріне ?зрайльдің жоғарлы дейгейдегі компьютерлік…

«Алем» бағдарламасы