Алматыда «инватакси» семинары өтті

Алматыда «инватакси» семинары өтті «Алатау» емдеу-сауықтыру кешенінде, «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты әлеуметтік жобасының аясында Алматы қаласының мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен, Қазақстандағы қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау үшін көлік қызметін дамытуға бағытталған семинар өтті.

Семинар 18 сәуірде ашылды. Айтылған жобаны іске асырған, арбада отыратын мүгедектерді тасымалдайтын 41 арнайы жабдықталған автокөліктерді сатып алып, еліміздің 14 аймағына таратқан, «Сәби» Қайырымдылық қорының өкіліне сәлем сөзі берілді. Автокөліктерді пайдалану барысында диспетчерлік және есеп беру қызметін қалыптастыру үшін, Фонд атынан барлық жоба қатысушыларға компьютерлік техника жинақтары тарту етілді. Қазақстан қалаларының мүгедектер қоғамдық ұйымдары, өз тарапынан «Сәби» қорына шын жүректен алғысын білдіріп, «инватакси» қызметінің аймақтардағы жүргізілген жұмыстары мен дамуы туралы пікір алысты.

19 сәуір, семинардың жұмыс күні, «инватакси» қызметін жетілдіру бойынша арнайы бағдарламалар және ұсыныстар талқыланып, мүгедектерді тасымалдау жөнінде біртұтас ережелер мен техникалық сипаттамалар қарастырылды. Қатысушылардың барлығы диспетчерлік қызметін қолдануға арналған компьютерлік бағдарламалармен танысып, тиісті әдістемелік құралдарын алды.

«Сәби» Қайырылымдық қоры бұл жобаның арқасында арбада отыратын және басқа да қозғалу мүмкіндіктері шектеулі мүгедектер үшін, тең жағдайлар жасалатынына сенім білдіреді.

21.04.2011
22.05.2023
"Инватакси" қызметтері…

Біздің серіктестеріміз, достарымыз және көптен бері жазылушыларымыз "Сәби" қорының маңызды жобаларының бірі –…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»
16.11.2018
Бизнес сайсының…

«Сәби» Қоры «Өз ісіңді баста» байқауының финалистеріне гранттар ғана бөліп қана қоймай, әрқашанда оларға қодан…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»
27.04.2018
«Мүгедектерге – лайықты…

Осы жылдар бойы «Сәби» Қоры сатып алған 62 арнайы автомобиль бүкіл Қазақстан бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарды…

«Мүгедектерге – лайықты өмір»