Атырау, бізді дарындарыңмен қолда!

Атырау, бізді дарындарыңмен қолда! Жас дарындарды қолдау жөніндегі «?лем» бағдарламасы Қазақстанның кең байтақ аумағында дарынды жастарды іздеуін жалғастырады. Енді батыс аймағының кезегі келді.

Осы жауапты миссияны орындау үшін «Сәби» Қайырымдылық қоры қызметкерінің Атырау облысына шығармашылық сапары ұйымдастырылды.

«?лем» бағдарламасымен таныстыру Атырау облысының жеті оқу орнында өтті. Сапардың бірінші күнінде Махамбет ауылының 2 мектебінің оқушылары және ұстаздарымен сұхбат жүргізілді.

Келесі және үшінші күн жағрафиялық тұрғыдан кең болды. Бейбарыс, Сарытоғай, Сарайшық және Атоғай елді-мекендерінің балалары біздің өкілімізбен кездесуді тағатсыздана күтті және Бағдарламаға қатысу ниетінде белсенділік танытты.

Іссапардың негізгі мақсаты – еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды балаларды табу, біздің ойымызша мақсат орындалды: бірнеше ықтимал «әлемдік» бізді өте қызықтырды, «?лем» бағдарламасының сарапшылары олардың қабілетін растап, оны қажетті бағытқа сала алады деп үміттенеміз.

Осындай сапарлардың қалыптасқан дәстүрі бойынша біздің өкіліміз жолшыбай «Мүгедектерге – беделді өмір» жобасы бойынша «Сәби» қорының қамқорлығына алынған ұйым - «Мүгедек ?лемі» ҚҰ-ға барды. Мүгедектер қоғамының төрағасымен брифингке Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкері де қатысты.

«?нватакси» қызметінің жұмысын үш жақты талқылау кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік такси қызметін көрсету жағдайын жақсарту мәселелері айтылды. Оның ішінде алдағы жылы қызметті қалалық бюджет тарапынан қаржыландыруды көбейту қажеттілігі туралы мәселе қозғалды.

Фотосуреттер

30.11.2011
12.04.2017
"?лем" Бағдарламасы…

Жас дарындарды қолдайтын "?лем" бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар…

«Алем» бағдарламасы
01.03.2017
Жас ақындардың…

«Сәби» Қорымен жарияланған Жетінші ақындар мүшайрасына қатысу үшін сауалнамаларды қазақ тілінде қабылдау жалғасуда.Басты…

«Алем» бағдарламасы
15.02.2017
?зрайльдегі студенттердің…

Жарты жыл бұрын «Сәби» Қоры Назарбаев зияткерлік мектебінің бес түлектеріне ?зрайльдің жоғарлы дейгейдегі компьютерлік…

«Алем» бағдарламасы