Ата-ананың бақыты – бала-шағаның денсаулығы

Ата-ананың бақыты – бала-шағаның денсаулығыКүнделікті күйбең-тіршіліктің артында жүрген көпшілік дүйсенбі күні жұмыс аптасын бастамай жатып, жұма күннің кеш батқанын байқамай қалады. Өмір-өзен демекші, оның ағынына ілесеміз деп, біз айналамызда болып жатқан қарапайым болса да, кәдімгі таңғажайып жайттарды көзден таса қылып жатамыз. 

Осындай бір, қарқынды күндердің бірінде, лық толы автобустың ішінде екпінді жасқа келген әйел адамның алдында кішкентай сүйкімді қыз отырды. Оның тәтті тілі мен жарқын күлкісі көліктің ішін нұрландырып жіберіп және әр жолаушы сондай ақылды да тапқыр баланы көріп ішкі дүниелері босап кетті. Қыздың жүзі таныс болғандай болды. ?рине, бұндай күлімсіреген ажарды ұмытуға болмасқа! Есімі де еске түсті – Ділнәз, атына заты сай. Осыдан бірнеше күн бұрын «Сәби» Қайырымдылық Қорының «Балаларға өмір сыйла» атты шара бойынша серіктестігі болып табылатын Мейірбандық Ерікті Қоғамының сайтында (www.detdom.kz) ол туралы, оның әке-шешесі жайында және олардың жанұяларында жалғыз перзентінің ауыр науқаспен күрескені жайлы жазылған болатын. Ең бастысы филантроптардан жиналған қаражаттар шоғырланған арнайы шоттан бөлінген ақшаға бірнеше опреация жасалып, аурудан мүлдем айығып кеткені айтылды. Қазіргі таңда Ділнәз өзін жақсы сезініп, ата-анасының нғыз мақтанышына айналды, барлық қайғы-қасірет мәңгі артта қалып қорнышты түстен оянғандай секілді болды. 
 
Бес жыл бұрын «Сәби» Қайырымдылық Қорының Президенті ?сел Тасмағамбетовамен Мейірбандық Ерікті Қоғамының директоры Аружан Саин СМС арқылы қайырымдылық қаражатты жинайтын қомақты жобаны іске асырған кезде көз алдарына дәл осындай көріністі елестеді: дені сау балалардың ортасында бақытты ата-аналар. 

Бүгінгі күнде қымбатты достар, сіздердің аударылған ақшаларыңыздың арқасында 436 опреацияның ақысы төленіп, барлығы 375 балаларға көмек көрсетілді. Жалпы жиналған сома 2 568 842 АҚШ долларын құрады. Осылай сәл ғана кідіріп, айналамыздағы ортаны ойлап, аз-маз жәрдем жасасақ, таңғажайып жағдайлар күнделікті өмірде көбейе түседі. 

Осындай жарқын күндерді ұлғайту үшін әрбір адам ACTIV, KCELL және BEELINE абоненттері 9099 қысқа нөміріне «1» санын немесе өз тілегін және 280 теңге мөлшерінде соманы жөнелте алады. Бұл қаражат телефонның есеп шотынан бейтаныс бір адамның сүйкімді перзентін оңалып кетуіне жұмсалады.

14.11.2012
26.10.2016
Өмірлік маңызы бар жоба

Еркін Мейірім Қоғамымен бірлесе 2007 жылы тұсауын кескен «Балаларға өмір сыйла» атты SMS - акциясы бойынша кезекті есептемені…

«Жасөспірімдер» бағдарламасы
15.07.2016
«Жасөспірімдер» жобасы –…

«Сәби» Қайырымдылық Қорының бес жыл бұрын сынамалы ретінде іске қосылған «Жасөспірімдер» жобасы өзінің нәтижелерін…

«Жасөспірімдер» бағдарламасы
27.01.2016
Пәтер мәселесінің шешімі

Балалар үйлерінің түлектерінің өмірін қиындататын пәтер мәселесі «Сәби» Қайырымдылық Қордың Жасөспірімдер жобасының…

«Жасөспірімдер» бағдарламасы