Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
Бір ай бұрын «Сәби» Қорына Қызылорда қаласының тұрғыны ?ндирадан ДЦП-мен ауыратын 2 жасар ұлын оңалту үшін керекті жабдықтарды сатып алып беруін өтініп, көмек сұраған болатын. Ұлын аяғынан тұрғызып қажетті емді қабылдау үшін оған бүкіл мемлекеттерді аралауға тура келді. Бірақ арнайы оңалту құралдарының көмегінсіз дәрігерлердің әрекеттері ешқандай нәтиже бермеуі мүмкін.
Баласының маңдайына жазылған ауруды жеңу үшін күресіп, тырбаны, ұлына қараудың қаншалықты ана үшін қиын екенін түсініп «Сәби» Қоры осы отбасыға қажетті көмектің барлығын жасауға шешім қабылдады. Қайырымдылық үшін қажетті сома QIWI төлем терминалдарына түсіп, жиналған қаржы игі іске жұмсалды. ДЦП мен ауыратын балаларға арналған швейцариялық құрылғы негізінде жасалған, еңкейтілмелі «Камкор» құрылғысы және арнайы түзету орындығы көп кешікпей Қызылордаға жеткізілді.
Біз, бұл құрылғы сәбимен оның жақындарының өмірін жеңілдетіп, олардың жүздерінен әрдайым күлкі кетпейді деп сенеміз.
Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап…
Негізгі жобалар мен мақсаттардан бөлек, біздің Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған - ауыр сырқаттар мен мүгедектікке…