Басенов атындағы көше

Басенов атындағы көшеБәсенов Төлеу Құлшаманұлы атымен Тимирязев көшесінен оңтүстікке қарай және Жароков көшесінен батысқа қарай орналасқан Алматы қаласының көшелерінің бірі аталған.

Бәсенов Төлеу Құлшаманұлы (1909-1976) 

Тұңғыш кәсіпқой қазақ сәулетшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Сәулет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанда қазіргі сәулет мектебінің негізін салып, сәулет саласындағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі, Сәулетшілер одағының алғашқы төрағасы. Республикада бірінші сәулеттік факультетін ұйымдастырушысы.[/i]

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген. Ленинград азаматтық-инженерлер институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақ КСР халық комиссарлары кеңесі жанындағы құрылыс басқармасынан бастаған.

1933-1937 жылдары Жамбылда, Алматыда, Қырғызстанда қызметтер атқарды. 1937-1941 жылдары - Алматы қаласының бас сәулетшісі. 1944-1954 жылдары - Қазақ КСР Министрлігі Кеңесі жанындағы сәулеттік жайғастыру басқармасының бастығы, 1958-1976 жылдары - Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары. Қазақстанның сәулетшілер Одағының жетекшілерінің бірі болды.

Төлеу Құлшаманұлы - еліміздің бұрынғы астанасы Алма-Аты қаласының даму бас жоспарын жасаған алғашқы сәулетшілерінің бір болып саналды. Ол - Қазақстанда, Мәскеуде және Кеңес Одағының көптеген қалаларында бой түзеген ірі-ірі ғимараттардың, алып кешендердің авторы, 25 сәулет кешенінің жетекшісі және жобалау жөніндегі кеңесшісі. Соның ішінде ең үлкендері - Алматының орталығы және Ленин Даңғылы (қазіргі Достық даңғылы), Мәскеудегі Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақ ССР павильонының ғимараты, Ақтөбе қаласында қоғамдық орталығы, Алматы әуежайының бірінші кешені, Қазақ опера және балет театрының үйі, Амангелді ?манов ескерткішінің жоспары, «Алатау» кинотеатры және көптеген тұрғын үйлер. 

Басенов Cемей ет комбинатының, Петропавл хром зауытының жобасын жасады, Түркісібтің объектілерін, Қызғыз Республикасындағы Кант-Рыбачье темір жол станциясын жобалады. Қарағандыдағы спорт және мәдениет Сарайы жобаларының жетекшісі болды. Ембі, Маңғыстау, Үстірт аймақтарындағы мемориалды-ғұрыптық тарихи құрылыстардың ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасап архитектуралық ескерткіштерін зерттеді. «Қазақстан архитектурасындағы өрнектер», «Архитектура және қала құрылысы» атты ғылыми-зерттеу еңбектері, тағы басқа көптеген монографиялары жарық көрген.
Сондай-ақ Т.Бәсенов Қазақстанның архитектуралық ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіру үшін ат салысқан. Оның тапсырмасы бойынша Тараз қаласының жанындағы, Айша Бибі мазарының аумағы өлшенді, Түркістандағы Қожа-Ахмет Яассауи мазарын қайта қалпына келтіріп жобасы жасалынды.

Төлеу Құлшаманұлы алғаш рет 1961 жылы сәулетшілер тобын ұйымдастырып, Қазақ политехникалық институтынан «Сәулет» факультетін ашқызуға көп еңбек сіңірді. Соңынан Қазақ политехникалық институтында құрылыс, сәулет және санитарлық-техникалық факультеттері құрылды.

Төлеу Құлшаманұлының елімізде өзіміздің мамандарымызды тәрбиелеу меселесін тақылауға әрқашанда көтерді және өзінің де қосқан еңбегі аз емес. Бүгінде есімі елге танылған оқушылары көп, олар -Қазақстанның еңбегі сіңірген сәулетшілері Рүстем Сайдалин, Адамбек Қапанов, тағы басқалары Қазақстанның жаңа астанасы - Астана қаласының сәулеттік келбетін жақсартуға үлес қосып келеді.

Сондай-ақ алғашқы сәулетші Т.Бәсеновтің 100 толуына орай 50 теңгелік шақалар шығарылып айналымға енгізілді. Мерейтойлық шақалардың авторы мен дизайнышысы болып Төлеу Құлшаманұлының немересі Алмат Бәсенов табылады. Сәулетшінің түған жерінде, қазіргі кезде деректі телефильм түсірілуде. Фильм авторлары болып тележурналистер Аманбай Жұбаев пен Болат Нүсіпбековтердің табылады, фильм Шалқар, Мұғалжар, Алға аудандары мен Ақтөбе қаласының өзінде түсірілмек.

Еңбек Қызыл Ту орденімен, КСРО-ның «Еңбектегі ерлігі үшін», "1941-1945" жж, Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


http://biografia.kz/famous/4056 сайтының мәліметтері бойынша

23.07.2014
22.02.2017
Брусиловский атындағы көше

Брусиловский атындағы көше Алматы қаласының Алмалы ауданындағы "Тастақ" ықшамауданының орталығы арқылы солтүстіктен…

Өңтүстік астананың көшелері
25.05.2016
Ө.Жолдасбеков атындағы…

Ұзындығы 1 километрге жетпейтін Жолдасбеков көшесі ?ль-Фарабидің даңғылының солтүстігінде Достык даңғылымен Фурманов…

Өңтүстік астананың көшелері
12.02.2016
Д.Ф. Снегин атындағы көше

2003 жылы жергілікті маслихаттың шешімімен Алматы қаласының көшелерінің бірі халық жазушысы Дмитрий Снегиннің құрметіне…

Өңтүстік астананың көшелері