Балаларға атаулы көмек

Біздің Қорға күн сайын қамқор адамдардан ақшалай сомалар келіп түседі. Кейін мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсету үшін біз әр теңгені мұқият жинап сақтаймыз.

Өткен кезеңде Қор түрлі ауруларға шалдыққан балаларды тәрбиелеп отырған бірнеше отбасыға қолдау көрсетті. Олардың ішінде церебральды сал ауруы, спастикалық диплегия диагнозы қойылған екі бала бар. Бұл Өскемендегі 8 жасар Бекарыс, біз оған Umbrella мүгедектер арбасын сатып алдық. Сондай-ақ Swash жамбас буындарына арналған аппараты Қарағанда тұратын 7 жасар Жаңылға берілді.

Тағы екі бенефициар Алматыда тұрады, оларға AСБ және психо-сөйлеу дамуының кешігуі диагноздары қойылған. 6 жасар Исламбек үшін мамандандырылған түзету орталығында оңалту курсы төленді, ал 5 жасар Аяулым үшін Бехтерев атындағы институтта транскраниальды микрополяризациялы қалпына келтіру курсын қаржыландырдық.

Сондай-ақ Қор Қостанайдағы 6 жасар Әділбекке көмек көрсетті. Балаға көздің қылилығын түзету үшін шұғыл ота жасалды.

Сонымен қатар, Қор тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқулары бар балалар емделіп жатқан Орал қаласының "Шапағат" оңалту орталығы үшін 5 мүгедектер арбасын сыйға тартты.

Барлық балаларға зор денсаулық тілейміз және барлық донорлар мен меценаттарға тұрақты қолдаулары үшін шексіз алғыс айтамыз!

 

  

  

22.06.2023
21.08.2024
"Сәби" Қоры Түркістан…

"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап…

Арнаулы көмек
29.07.2024
Атаулы көмек бойынша есеп…

Негізгі жобалар мен мақсаттардан бөлек, біздің Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған - ауыр сырқаттар мен мүгедектікке…

Арнаулы көмек
28.12.2023
Атаулы көмек туралы есеп 2023

Сіздерге «Сәби» қорының 2023 жылы көрсетілген атаулы көмек туралы есебін ұсынамыз. Осы жылы Қорға компаниялар мен жеке…

Арнаулы көмек