Әсел Тасмағамбетова "Өз ісіңді баста" байқауының финалисттеріне жолдау

"Сіздердің алдарыңызда тұрып, көздеріңізге қарағанда: "неткен жас, өршіл және батыл жандар", - деп таң қаламын! Араларыңызда қоғам мен ата-ана қысымымен өмірлік жолын таңдағандар жоқ. Өкінішті, бірақ біздің қоғамда негізінен, "мектеп-институт-зауыт-зейнетақы", "елдің баласы сияқты өмір сүру" үлгілері бойынша жүрген адамдар өте көп. Есесіне араларыңызда өз отбасының қамын ойлап, бірінші болып кәсіпкерлікпен айналысуға шешім қабылдағандар бар. Сіздер бірінші болып тәуекелге барып отырсыздар. Және бұл - жеке өз шешімдеріңіз.

Сондықтан да мен үшін бұл байқау - адамның өзіне деген сенімі, өз қорқыныштары мен күмәндерін жеңудің көрінісі секілді. Сіздер қорқынышқа батыл төтеп беріп отырсыздар. Оқуға, трендтермен танысуға және бизнесіңізге жаңа бағыттарды енгізуге дайынсыздар. Себебі сенімнің астарында білім мен тәжірибе жатыр. 

Осы орайда EY бизнес академиясы сізге тегін оқу мүмкіндігін ұсына отырып, жақсы көмектеседі.

Араларыңызда американдық Google кеңсесінде жұмыс істеу туралы ұсыныс алғаннан кейін өз Отанынан кеткендер жоқ. Алайда өз елінің шағын нарығына қарамастан, Қазақстанда өз бизнесін құруды, дамытуды және жақсартуды шешкендер бар. Мен үшін бұл да сенімнің дәлелі болып табылады. Өз еліне, өз командасына деген сенім. Мен бұл туралы айтқан кезде, 2018 жылдың финалистерінің бірі Санжар Мырзағалымның Sheberkhana жобасын ойлаймын. Google туралы айтып жатқанда сол кісі есіме түсті.

Санжардың бастамасының арқасында Microsoft әлемдік компаниясы біздің байқауымыздың серіктесіне айналды. Енді олардың сараптамасымен біз IT-бағытта үздіктерді таңдау мүмкіндігіне ие болдық.

Араларыңызда бірінші және екінші рет ақтық кезеңге өтпей, үмітін үзіп, беті қайтқандар жоқ. Тек табандылық танытып, кемшіліктермен көп жұмыс жасағандар, бизнеске деген көзқарасын жақсартқандар және үшінші рет финалист атанғандар ғана. Әрбір кәсіпкердің сансыз қателіктері мен сәтсіздіктері болады, және бұл тәжірибе оның кәсіпкерлік жолын қалыптастырады.

Шынымды айтсам, мен бұл жобаны бірнеше рет жапқым келді. Бірақ мен байқауға қатысушылардың табандылығы мен ұмтылысын көрдім және оларды қолдаусыз қалдыруға құқығым жоқ екенін түсіндім. Өйткені, табандылықтың артында зор сенім тұр. Біз бұл еңбектің жемісін көріп отырмыз: «Өз ісіңді баста» байқауы 9 жыл бойы өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде біз 5 мыңнан астам өтінімді қарастырып үлгердік. Жалпы сомасы 2 240 000 долларды құрайтын 80 жас кәсіпкерді қолдадық.

Бүгінгі таңда қолдау тапқан жобалардың 85% табысты бизнеске айналды. Осы 9 жыл ішінде ешкім шартты түрде өзіне көлік сатып алып, жылы жаққа қоныс аударып кеткен жоқ. Бұл қалай мүмкін болды? Меніңше жауап анық - ол сенім. Сен сол сенімді ақтайтыныңды көрсетпей тұрып, саған сенеді.

Бұл сенім тізбегі 9 жыл бұрын Әлішер Елікбаевқа стартап-жобаларды қолдау идеясы келген кезде қалыптасты және ол бұл идеямен Кеңес Ракишевпен бөлісті. Ол оны кеңейтуге шешім қабылдады және Вячеславты Кимді шақырды, ол өз кезегінде бұл байқауға да сенді. Осы жоба сіздер секілді адамдардың арқасында жалғасады.

Бүгін сіздерге сенім білдіріп отырғанымызда, осы жобаны одан ары дамытуға шақырамын! Мұның ең тиімді тәсілі - біздің финалисттер қауымдастығына белсенді қатысу, өз тәжірибелеріңізбен, түсініктеріңізбен, әңгімелеріңізбен бөлісу. Өйткені, сіздер тек қаржы иегерлері емес, сенім уәкілдеріне айналып отырсыздар.

Тіпті көпті көрген Forbes сіздерден шабыт алып отыр.

Сондықтан командаға, отбасына, елге сенім білдірейік. Осы игі істі ары қарай жалғастырайық!

09.03.2023
08.10.2024
Әсел Тасмағамбетованың…

Enactus әлем кубогы - әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған студенттер үшін жылдың ең маңызды оқиғасы болып саналады. Бұл…

Блог
24.05.2024
Құрылыс саласындағы…

22 жылдық үздіксіз жұмыс барысында "Сәби" қайырымдылық қоры Қазақстанның түрлі өңірлерінде көптеген әлеуметтік…

Блог
30.11.2022
Бақытты өмір сүру – игі…

«Бақытты өмір сүру – игі істерге қатысты болу. Біз бақыт сезімін үнемі емес, белгілі бір сәттерде сезінеміз, ал…

Блог