Алматы қаласындағы 1200 орынды мектептің құрылысы

Алматы қаласындағы 1200 орынды мектептің құрылысы «Сәби» Қайырымдылық Қоры «Өркендеу» жобасының аясында тағы бір үлкен жобаның құрылысына кірісті. Бұл Алматы қаласында Наурызбай ауданында, Ақжар ауылының батысында орналасқан, арнайы бекітілген жет телімімен 1200 орынды орта мектеп.

Бұл жоба Алматы қаласы әкімшілігімен жасалынған келісім-шарттың негізінде іске асырылып отыр. Сол келісім шарт бойынша Қор әкімшіліктің беріп отырған жобасы бойынша мектептің құрылысын қаржыландыруын өз мойнына алып отыр. Құрылыс біткеннен кейін мектеп қалаға тегін беріледі.

Қазіргі уақытта жобалық – сметалық құжаттама (ЖСҚ) мемлекеттік тапсырыс бойынша дайын, мемлекеттік сараптаманың оңды қорытындысы бар.

Жұмыс жобасы сәйкес, мектеп ғимараты 3,0026 га шаршы жер телімінде орналасады және 10 жуық жер төлесі бар екі – үш қабатты блоктан тұрады. Ғимараттың жалпы ауданы – 11 625 шаршы метрді құрайды.

1-ші бөлікте бастауыш сыныптарға сырт киім шешетін орын, оқу ісі меңгерушісің бөлмесі, техникалық қызметкерлердің бөлмесі және бухгалтерия орналасады.
2-ші бөлікте спортзал, күзет орны, 360 орынға еспетелінген мәжіліс залы болады.
3-ші бөлікте спортзал, ашық кітапхана қоры, жабық кітапхана қоры және бұқаралық ақпарат кітапханасы қарастырылған
4-ші бөлікте, бірінші мен екінші қабатта бастауыш мектептің оқу сыныптары орналасады, ал 3-ші қабатта – негізгі мектептің оқу сыныптары болады.
5-ші бөлікте негізгі және үлкен сыныптардың бөлмелері, сыртқы киім шешетін орын, қару жарақ орны бар А?Д кабинеті, қабылдау бөлмесі, директор бөлмесі, мұғалімдер бөлмесі және радиоторап қарастырылған.
6-шы және 7-ші бөлікте жалпы мектеп бойынша белгіленген бөлмелер ұйымдастырылған.
8-ші бөлікте келесі бөлмелер орналастырылады: қыздар мен ұлдардың сырт киім шешу бөлмелері, жуыну бөлмесі, мектеп алды сыныптары, мультимедиа бөлмесі, бастауыш сыныптардың лаборанттық бөлмелері, әртістердің демалу бөлмелері, негізгі және үлкен сыныптардың бөлмелері, лабораториясы бар информатика сабағының бөлмесі, 5-9 сыныптарда оқитын қыздарға арналған матаны өңдеу бөлмесі.
9-шы бөлікте негізгі және үлкен сыныптардың бөлмелері, лаборант бөлмесімен және лабораториясымен жабдықталған химия сыныбы, металл мен ағаш өңдеу шеберханасы, музыкалық аспап бөлмесі, лаборант бөлмесімен лабораториясымен жабдықталған физика сыныбы, шет тілі сыныбы, лаборант бөлмесімен лабораториясымен жабдықталған биология сыныбы, оған қоса медициналық бөлмелер: емшара бөлмесі, дәрігер бөлмесі, психолог – логопед бөлмесі орналасқан.
10-шы бөлікте 200 орынды тамақтану залымен жабдықталған ас әзірлейтін бөлік бар. Ас әзірлейтін бөлікте келесі бөлмелер бар: азық – түлік қабылдау бөлмесі; тоңазытқыш қоймасы мен шкафтар; азық – түлік сақтау бөлмесі; жеміс – жидек сақтау бөлмесі; ұн сақтау бөлмесі; ет пен балық сақтау бөлмелері; жеміс – жидек цехы; тарату орны бар ыстық цех; асхананы жууға арналған және ыдыс жуу бөлмесі; 200 орынды тамақтану залы; арнайы жуынатын жері және санитарлық торабы бар қызметкерлердің бөлмелері; әр нәрселерге арналған сақтау бөлмесі; тамақтану залында барлық оқушылар тамақтанады.
Сабақ оқитын сыныптар 25 адамға саналған, сол жақты орналасқан жарықпен жобаланған. Физика, химия сыныптарында, еңбек сабығынын бөлмесінде мұғалімнің көрсетіп түсіндіретін орнындағы еден оқуға сейкестедіріп, 20 см көтерілген. Физика, химия сыныптары оқудың барлық түрлеріне арналған.

Терезелер, кіретін есіктер – металлопластиктен жасалған. Жарықтан қорғайтын құрылымда қуатты өнімдейтін шыны қолданылған. Ішкі есіктер ағаштан жасалынған. Ішкі өрнек санитарлық ережелерге сай жасалған. Сыртқы өрнек – сырланған сылақ ал төменгі жағы сәндік кірпіш. Төменгі бөлігі – қасбеттік керамикалық плитка. Басты кіре беріс пен қосымша кіре берістің өрнегі – террасалық плиткамен қаланған.
Міндетті түрде өрт сөндіру жүйесі және бейнебақылау қарастырылған.

Бас жоспар бойынша мектеп аймағын атқарымдық үлестірімін келесі аймақтарға бөлу қарастырылып отыр: мектеп аймағы, оқу – тәжірибелік алаңы, дене шынықтыру және спорт аймағы, шаруашылық аймақ.

Мектеп аймағын көгаландыру үшін үш түрлі қатты жол төсем қарастырылған. ҚНжЕ бойынша, көлікжүріс пен алаңға асфальтобетонды төсем қарастырылған, жалпы мектеп шараларына арналған алаңында - аяқжол плиткасы қарастырылған. Қалған аяқжол, жүретін жол және алаңдарға асфальтобетонды төсем жобаланған. Қозғалысы шектеулі топтағы адамдарға жобада арнайы сырғыма баспалдақ қарастырылған, ал көлік тұрағының орынына ені 3,50 метр болатын көлік орыны қарастырылған.

Мектептің аймағында әр түрлі шағын архитектуралық пішіндер және қозғалмалы жабдықтар. Мектептің басты кіре берісінің алаңында сәнді орындықтар, қоқыс салатын шелек, гулдер мен әртүрлі сәнді өсімдіктері бар гүлсауыты қойылады. Құрылыстан еркін аймақ, жолдармен алаңдардың құрылысынан еркін аймақ ағаштармен бұталар отырғызылады, оған қоса гүлбақшалар отырғызылады және жерде жергілікті ауа райына төзімділігін және өсімдіктің сәндік сапасын ескере отырып көгал алаң отырғызылады. Міндетті түрде ағаштар мен бұталар мектеп аймағының қоршауының бойымен қатар – қатар отырғызылады.

Белсенді демалыс аумағында әр жастағы балалардың ойын –сауығына арналған неше түрлі жабдықтар орнатылады. Дене шынықтыру - спорт алаңында білім беру бағдарламасының дене шынықтырудан берілген тапсырмасын орындалуын қамтамасыз ететін және спорт ойындары мен денсаулыққа пайдалы шараларды өткізуге арнайы жабдықтар орнатылады.Доппен ойнауға арналған белсенді демалыс алаңында арнайы резеңке төсем төселеді, қалған бөлігінде көк алаңдырылады. Оқу – тәжірибелік алаңы биология сабағын таза ауада оқу үшін арнайы шатырмен жабдықталған. Орындақтармен қоқыс тастайтын шелектер белсенді демалыс алаңында және дене шынықтыру – спорттық алаңында қолданысқа берілген.

Мектептің барлық алаңдарында автоматты түрде өшірілетін сыртқы жарықтандыру қарастырылған. Бүкіл алаң бойынша кіру – шығу жолында есікшесі бар екі жаққа ашылатын қақпа болады және биіктігі 1,80 метр болатын торлы қоршаумен қоршалады.

Жоба Қазақстан Республикасының ҚНжЕ және Санитарлық нормаларына сай жасалған.

Фасадтардың суреттері мында.

14.10.2015
27.12.2023
«Сәби» қоры Астанада…

Білім беру бағыты «Сәби» қорының қызметіндегі ең өзекті бағыттардың бірі болды және болып қала береді. Осы бағыттағы 21…

«Өркендеу» құрылыс жобасы
16.06.2023
«Балдәурен» орталығын…

Өз қызметінің басынан бастап және 20 жыл бойы «Сәби» қоры бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік мекемелерді салумен,…

«Өркендеу» құрылыс жобасы
16.03.2023
Алматыдағы SOS балалар…

«Сәби» Қоры Алматыдағы SOS балалар ауылының үйлеріне жөндеу жұмыстарын аяқтады. Жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталды. Осы…

«Өркендеу» құрылыс жобасы