Алматыдағы SOS балалар ауылының жөндеу жұмыстары аяқталды

«Сәби» Қоры Алматыдағы SOS балалар ауылының үйлеріне жөндеу жұмыстарын аяқтады.

Жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталды. Осы уақыт ішінде қор ауылдағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын 12 коттеджді толықтай қалпына келтірді. Мекеменің тәрбиеленушілерінің саны 90 адамнан асады.

Барлық үйлерде жылу жүйесін, сантехникалық және кәріздік инженерлік желілерді жаңарттық, жаңа су құбырларын орнаттық, линолеум, плиткалар, тұсқағаздар, есіктер ауыстырылды, жаңа шамдар сатып алынды, терезелер қалпына келтірілді, қасбеттер жаңартылды және саяжайдың айналасына тас төселді. Тапсырыспен жасалған ас үй жиынтықтары мен жиһаздар сатып алында, жаңа тұрмыстық техника орнатылды, оның ішінде: плиталар, сорғыштар, пештер және кір жуғыш машиналар. Сонымен қатар, әдемі интерьер дизайны жүргізілді.

Жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 253 264 352 теңгені құрады.

SOS балалар ауылының барлық балаларына жарық, әдемі, жайлы үйлерде жайлы, бақытты өмір сүрулеріне шын жүректен тілектеспіз.

15.03.2023
27.12.2023
«Сәби» қоры Астанада…

Білім беру бағыты «Сәби» қорының қызметіндегі ең өзекті бағыттардың бірі болды және болып қала береді. Осы бағыттағы 21…

«Өркендеу» құрылыс жобасы
16.06.2023
«Балдәурен» орталығын…

Өз қызметінің басынан бастап және 20 жыл бойы «Сәби» қоры бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік мекемелерді салумен,…

«Өркендеу» құрылыс жобасы
05.10.2022
Алматы қаласындағы SOS…

Биыл «Сәби» қорының ірі құрылыс нысандарының бірі – Алматы қаласының Балалар ауылындағы SOS отбасылық үйлерін жөндеу…

«Өркендеу» құрылыс жобасы