Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
Жаңа жыл жақындап қалды. Мереке қарсаңында ересектер мен балалар соңғы дайындықтарын аяқтап сағаттың 12 рет соғуын асыға күтуде.
Бірақ, өкінішке орай, бұл мейрамды ауруханада өткізуге мәжбүр болған балалар да болады. Мысалы Семей университетінің ауруханасының балалар бөлімінде 80 кішкентай пациент емхана қабырғасында Жаңа жылды қарсы алуда.
Біз балалар көңілсіз болмасын деп, оларға тәтті сыйлықтар сатып алып және Аяз атаны ауруханаға шақырдық! Аяз ата барлық палаталарды аралап, әр сәбиді жеке құттықтады. Балақайлардың қуанышында шек болмады!
Баршамызға және барлық балаларға Жаңа жылда бақыт пен мықты денсаулық тілейміз!
Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап…
Негізгі жобалар мен мақсаттардан бөлек, біздің Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған - ауыр сырқаттар мен мүгедектікке…