Сіздерге «Сәби» қорының 2020 жылы көрсетілген атаулы көмек туралы есебін ұсынамыз.

Осы жылы Қорға компаниялар мен жеке тұлғалардан түскен жеке қайырмалдықтардың жалпы сомасы 3 572 770 теңгені құрады. Бұл қаражат мұқтаж жандарға атаулы көмек көрсетуге жұмсалды.

Біздің қордың барлық жанашырларына, меценаттарға, көмекшілері мен демеушілерге жасалған қамқорлықтары мен сенімі үшін алғыс білдіреміз!