Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Атырау облысына тарату науқанынан кейін біздің қор Батыс-Қазақстан облысына көмек көрсетуді ұйғарды, онда коронавирустық инфекцияның таралу жағдайы шиеленісіп, пневмония жағдайларының өсуі байқалып отыр. Coronavirus2020.kz веб-сайтының мәліметінше бүгінде аймақта жұқтырғандардың саны 5120 адамды құрайды.
Коронавирусты емдеуге арналған 55 000 дана мөлшердегі дәрі-дәрмектерді Қор сатып алып, облыстың инфекциялық-диспансерлік ауруханаларына және емделуші дәрігердің рецептіне сәйкес үйде емделіп жатқан науқастарына қатаң түрде таратылды. Жалпы қамту саны — 4000 адамнан асады.
Жұмсалған қаражаттың көлемі шамамен 22 миллион теңгені құрады.
Барлығыңызға тезірек сауығуыңызды тілейміз!